Астана қаласы мен Ұлытау облысында респонденттердің жартысынан көбі балабақшалардың жетіспеушілігін атап өтті

09.01.2024

«Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды»

№19 қорытынды – Астана қаласы мен Ұлытау облысында респонденттердің жартысынан көбі балабақшалардың жетіспеушілігін атап өтті

Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлерінде қала және ауыл тұрғындарының сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық  зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде 2022 жылы мектепке дейінгі білім беру объектілерінің қолжетімділігін бағалау жүргізілді.

Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, ел бойынша білім беру объектілерінің қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі - орта деңгейде. Осылайша, респонденттердің 70,1%-ы өз өңірінде мектептер жеткілікті деп санайды, 65,4%-ы балабақшалардың жеткіліктілігі туралы айтады, ал 55%-ы жоғары оқу орындарының санына қанағаттанады. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан азы өңірдегі білім беру нысандарының жеткіліксіздігін атап өтті.


Өңірлер бөлінісінде мектепке дейінгі білім беру объектілерінің қолжетімділігіне қатысты сауалнама қорытындысы бойынша балабақшалар санына ең көп қанағаттанғандар Қызылорда облысында (84,4%), Жамбыл облысында (82,4%) және Жетісу облысында (75,9%) болды.

Респонденттердің бағалауы бойынша мектепке дейінгі білім беру объектілерінің жетіспеушілігі мәселесі 20 өңірдің 2-інде тұр: Ұлытау облысында (53,4%) және Астана қаласында (55,7%). Тағы екі өңірде: Шымкент қаласында (45,7%) және Шығыс Қазақстан облысында (47,9%) респонденттердің жартысына жуығы балабақшалардың жеткіліксіздігін атап көрсетті.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы" АҚ деректеріне сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласы 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша аутсайдерлердің бірі болғанын атап өткен жөн. Астана қаласында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың 37,4%-і қамтылды, республика бойынша орташа қамту - 56,3%.

 

Сонымен, сауалнама қорытындысы бойынша еліміздің елордасында балабақшалардың жетіспейтіндігі анықталды. Аутсайдерлер арасында Ұлытау облысы да бар.

Осылайша, өңірлерде елді-мекендер бөлінісінде мектепке дейінгі білім беру объектілерінің жетіспеушілігіне мониторинг жүргізу және 6 жасқа дейінгі балаларды білім берумен қамтамасыз ету жоспарларын тұрақты негізде қайта қарау және жаңарту қажет.

 


Қарау саны: 772
Сақталған: 09.01.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!