20 өңірден 3 өңірде респонденттердің үштен бірінен азы өңірдегі жоғары оқу орындарының жеткіліктілігін айтады
11.01.2024
«Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды» №21 қорытынды – 20 өңірден 3 өңірде респонденттердің үштен бірінен азы өңірдегі жоғары оқу орындарының жеткіліктілігін айтады Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын қабылдауды жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде, 2022 жылы жоғары білім беру объектілерінің қолжетімділігіне бағалау жүргізілді. Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша, Қазақстан бойынша білім беру объектілерінің қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі - орта деңгейде. Осылайша, респонденттердің 70,1%-ы өз өңірінде мектептер жеткілікті деп санайды, 65,4%-ы балабақшалардың жеткіліктілігі туралы айтады, ал 55%-ы жоғары оқу орындарының санына қанағаттанады. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан азы өңірдегі білім беру нысандарының жеткіліксіздігін атап өтті. Жоғары білім беру объектілерінің қолжетімділігіне қатысты мыналар атап өтіледі. 20 өңірден 10-ында респонденттердің жартысынан көбі жоғары оқу орындарының санына қанағаттанған. Өңірдегі жоғары оқу орындарының жеткіліктілігінің жоғары деңгейін Қызылорда (83,9%), Жамбыл (77,6%) облыстары мен Алматы қ. (77,9%) респонденттері атап көрсетті. Университеттер санына ең аз қанағаттанғандар Ұлытау (77,3%), Жетісу (69,9%) және Маңғыстау (72,7%) облыстарында болды, олардың көпшілігі өңірде жоғары оқу орындары жеткіліксіз деп санайды. Статистика деректеріне сәйкес, аталған өңірлерде бір өңірге барлығы 1 ЖОО-нан жұмыс істейді: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті және О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті. Қоғамның дамуындағы білімнің рөлі өте маңызды, білімді ұлт - экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамыған қоғамның кепілі және бұл бүкіл елдің әл-ауқатының жоғары деңгейінің маңызды факторы. Сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің жартысына жуығы өз өңіріндегі жоғары білім беру объектілерінің жеткіліксіздігі туралы айтатыны анықталды, бұл өңірлердегі жоғары білімнің қолжетімділігінің төмендеуіне әсер етеді. Осылайша, өңірлерде жоғары білімнің қолжетімділігі, оған қандай факторлар әсер ететіні және осы мәселені бақылауда ұстау мәселесін тереңірек зерттеу қажет.
Қарау саны: 729 |
|
|