Қарағанды облысында респонденттердің 2/3 бөлігі қоршаған ортаның сапасына көңілі толмайды

12.01.2024

«Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды»

№22 қорытынды – Қарағанды облысында респонденттердің 2/3 бөлігі қоршаған ортаның сапасына көңілі толмайды

Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын қабылдауды жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде, 2022 жылы қоршаған ортаның сапасына қанағаттанушылықты бағалау жүргізілді.

Қоршаған ортаның сапасына қанағаттануға қатысты респонденттердің бағалауы олардың жартысынан көбі өз аймағындағы қоршаған ортаның жағдайына риза екенін көрсетеді. Сауалнама қорытындысы бойынша, респонденттердің 51,2%-ы қоршаған ортаның сапасына қанағаттанса, 7,3%-ы барынша оң баға берді. 33,8% қоршаған ортаның жағдайына аса риза болмады, ал сауалнамаға қатысқандардың 7,7%-ы өте наразы болды.


Өңірлер бөлінісінде, Жетісу облысының (77,6%), Ақмола облысының (72,8%) және Шымкент қаласының (70,3%) респонденттері қоршаған ортаның жай-күйіне барынша қанағаттанды.

Қарағанды (66,1%), Қызылорда (58,4%) облыстарында және Ұлытау облысында (52,7%) қоршаған ортаның сапасына ең көп наразы болды.


Респонденттер арасында қоғамдық жасыл аймақтардың жеткіліктілігі бағаланды. Сауалнама респонденттердің пікірінше, Жетісу облысында (82,0%), Ақмола облысында (78,5%) және Шымкент қаласында (75,2%) осы мәселе бойынша жоғары көрсеткіштер бар екенін көрсетті.

20 өңірден 6-нда респонденттердің жартысынан көбі өз аудандарындағы қоғамдық жасыл аймақтардың санына наразы. Қоғамдық жасыл аймақтар санына Қарағанды (26,6%), Қызылорда (32,9%), Атырау (41,6%) облыстарының респонденттері риза емес.
 
Ел бойынша сауалнамаға қатысқандардың 58,5%-ы өз аудандарындағы жасыл аймақтар жеткілікті деп санайды.


Аймақтың әл ауқатының көрсеткіштерінің бірі, әрине, тұрғындар үшін қолайлы орта болып табылады. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша халықтың қоршаған орта сапасына қанағаттануының орташа деңгейі байқалады. Ең төмен бағаны Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Ұлытау облысының, яғни өндірістің үлкен үлесі шоғырланған өңірлердің тұрғындары берді. Бұл қоршаған орта сапасы мен экологиялық қауіпсіздікке едәуір әсер етеді.
 
Осылайша, өңірлік билік аймақтағы қоршаған ортаның сапасын сақтау, экология және экологиялық қауіпсіздікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударуы керек.



Қарау саны: 728
Сақталған: 11.01.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!