2023 жылғы желтоқсандағы инфляция бойынша қысқаша анықтама
15.01.2024
Елдегі тұтынушылық инфляция төмендеуін қатарынан оныншы ай жалғастырды және 2022 жылдың ақпанынан бастап ең төменгі деңгейде болды. 2023 жылдың желтоқсанында елдегі инфляция:
Жылдық мәнде бағалар:
Инфляция динамикасына дәстүрлі түрде азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосады – 36,3% (яғни, жалпы инфляцияның 9,8% - 3,6% азық-түлік тауарларына тиесілі). Алайда, өткен жылдың сәуір - мамыр салыстырғанда, азық-түлік тауарларының үлесі ең жоғары болған кезде, олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы үлесі 18,7 п.п. 55%-тен 36,3%-ке дейін төмендеді. Осы жылдың ақпан айынан бастап төмендеу 15,1 п.п. құрады, Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда азық-түлік тауарларының үлесі 1,0 п.п. азайды. Азық-түлік емес тауарлардың үлесі маусым айында 32%-тен 27,5%-ке дейін төмендеді. Ақылы көрсетілетін қызметтер үлесіне инфляцияның 36,2% келеді, бұл қараша айындағы 2,9 п.п. және соңғы жылдардағы максималды деңгейден жоғары. Өткен жылдың желтоқсан айында ақылы көрсетілетін қызметтердің үлесі жалпы инфляцияның 20,2% құрады. Азық-түлік тауарларының ішінде ең көп қымбаттауы байқалады:
Жылдық бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 22,6%, күнбағыс майына – 18%, түйіршіктелген қантқа – 15,8% тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең көп өсуі жеке пайдаланылатын тауарларға – 12,4%, жиһаз бен тұрмыстық заттарға – 11,8%, ыдыс-аяққа – 11,4%, киім мен аяқ киімге – 11,3%, фармацевтикалық өнімге-10,4%, құрылыс материалдарына – 7,3% келді. Дизель отыны 15,2%, бензин 13,7%, сұйытылған газ 13,6% өсті. Ақылы көрсетілетін қызметтер саласында кешенді демалыс ұйымдары қызметтерінің бағасы 16,8%, санаторийлердің қызметтері – 15,8%, денсаулық сақтау қызметтері – 13,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 13,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері – 12,8%, білім беру қызметтері – 9,6%, қоғамдық тамақтану қызметтері – 8%. Такси қызметі 9,1%, әуе жолаушылар көлігі 8,6%, теміржол қызметі 7,3% қымбаттады. Қоқыс шығару тарифтері 33,2%, су бұру – 28,8%, орталық жылыту – 26,1%, суық су – 22%, ыстық су – 23,4%, электр энергиясы – 19,9%, тұрғын үйді күтіп ұстау үшін төлем – 7% өсті. Осылайша ТКШ көрсетілетін қызметтері 13,9% қымбаттады. Жалпы, өткен жылдың жоғары базасында инфляцияның одан әрі баяулауы байқалады. Алайда, ақылы қызметтердің инфляциясы жеделдеуді жалғастырып, жалпы инфляцияның үлесін арттырады.
Қарау саны: 775 |
|
|