Алатау Алматы үшін «қарсы магнит» бола ала ма?

16.01.2024

2023 жылдың соңында Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді – бұл біздің еліміз үшін тарихи көрсеткіш. Әдетте, демографиялық даму экономиканың өнімділігіне оң әсер етеді, сәйкесінше халық санының өсуі азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруымен, атап айтқанда базалық инженерлік және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікпен қатар жүруі керек.


БҰҰ болжамдарына сәйкес, халықтың негізгі өсуі қалаларға тиесілі болады, өйткені 2030 жылға қарай әлемдегі қала халқының үлесі 60%-ке дейін ұлғаяды және 5,2 млрд. адамды құрайды, ал урбанизацияның ең көп өсуі орташа табысы бар елдерде күтіледі. (БҰҰ-ның 2018 жылғы урбанизация болжамы).

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы өсуінің "эпицентрі" ірі қалалар болып табылады, сондықтан соңғы 5 жылда қала тұрғындарының саны 10%-ке өсіп, 62%-ке жетті. «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ болжамдары бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанда қалалану деңгейі кемінде 65%-ті құрайды, ("Экономикалық зерттеулер институты" АҚ 2023 жылғы әлеуметтік зерттеуінің нәтижесіне сәйкес әлеуетті мигранттардың жартысы Астана, Алматы және Шымкент қалаларына көшуді ойластыруда).
 
Қалаланудың өсуі табиғи түрде инженерлік инфрақұрылымға жүктеме түсіреді, бұл оның жоғары тозуына байланысты одан да өткір болады:
  • электр желілерінің тозуы 65%-тен асады;
  • жылу электр орталықтарының (ЖЭО) 67% орташа тозумен орташа қызмет ету мерзімі 60 жылдан асқан;
  • әрбір үшінші үйдің жасы 50 жылдан асқан; 
  • 2000-ға жуық үй апатты жағдайда тұр;
  • сумен жабдықтау желілерінің шамамен 19%-ті ауыстыруды талап етеді;
  • кәріз желілерінің тозуы 40%-тен асады;
  • жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 54%-ті құрайды.

Әлеуметтік инфрақұрылым да демографиялық өсу қысымын сезінуде, атап айтқанда, мектепке дейінгі біліммен қамту әлі толық қамтамасыз етілмеген (2-6 жастағы балаларды қамту 90%-ті құрайды), мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы 270 мың бірлікті құрайды, 700-ден астам мектепте ғимараттың жоғары тозуы байқалады.

Соңғы 5 жылда Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 1,5 жылға ұлғайғанына қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінде медициналық мекемелер мен жабдықтардың жоғары тозуы байқалады (50%-дан астам).

Мәлім болғандай, Қазақстанда халық санының өсуі республикалық маңызы бар қалалардың бақылаусыз өсуімен және басқа қалалардың тиісті өсу теңгерімсіздігімен қатар жүрді. Нәтижесінде, соңғы 5 жылда республикалық маңызы бар қалалардың халқы 21%-ке өсті және бүгінгі күні 4,7 млн. адамды құрайды. Осы кезеңде облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда халық саны небәрі 10%-ке өсті және бүгінде шамамен 7,5 млн. адамды құрайды. 
Өңірлер бөлінісінде қалаланудың ең төмен көрсеткіштері Алматы және Шымкент ірі мегаполистерінің осы өңірлерге жақын болуынан туындаған Алматы — 16% және Түркістан — 24% облыстарында байқалады. 

Соңғы 10 жылда Шымкент қаласының халқы 74%-ке, ал Алматы қаласының халқы 46%-ке өсті. Облыстық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан кейін Түркістан қаласы белсенді дами бастады. Мәселен, 2018-2023 жылдар аралығында қала халқының саны 35%-ке өсті (161,5 мың адамнан 220 мың адамға дейін), ал тұрғын үй ғимараттарының көлемі 6 еседен астам өсті.

Сондықтан Алматы қаласының маңында жаңа Алатау қаласының (бұрынғы G4 City) құрылысы қисынды дұрыс болып табылады, өйткені жаңа қала өңірдегі қарсы магниттік аумаққа, сондай-ақ Алматы облысының экономикалық өсуінің «нүктесіне» айналуы мүмкін.

Анықтама үшін: Алматы облысының аумағында 2008 жылдан бастап G4 City 4 жаңа серіктес қаласын дамыту жобасы іске асырылуда. G4 City – бұл ақылды қала, ол 4 заманауи тақырыптық ауданнан тұрады: Gate – іскерлік және қаржы орталығы, Golden – білім беру және медициналық хабтар, Growing – өнеркәсіптік және логистикалық хабтар, Green – Алматы-Қонаев автомагистралінің бойында орналасқан туризм және ойын-сауық орталығы. Қаланың жалпы ауданы 88 мың гектарды, халық саны 52,7 мың адамды құрайды.

Жалпы алғанда, Алатау жаңа қаласының экономикалық артықшылығы арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құру арқылы экономикалық өсуді ынталандырудан көрінеді. Осылайша, "Алатау" АЭА аумағында 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру мүмкіндігімен өнімнің 17 түрі бойынша 171 өндіріс жобасын орналастыру көзделіп отыр.
 
Атап айтқанда, келесі салаларда жаңа өндірістер мен қызметтер жоспарлануда: 
  • ғимараттар мен инфрақұрылым объектілерін салу; 
  • бетон бұйымдарын, құрылыс гипсі мен цемент өндіру.
  • азық-түлік өндірісі; 
  • тоқыма, кілем және былғары бұйымдарын өндіру; 
  • қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
  • көлік-логистикалық қызметтер және т.б.

Жалпы, қаланың экономикалық әлеуетін дамыту үшін әрбір 1 теңге мемлекеттік инвестицияға 4 теңгеге жуық жеке инвестиция тарту жоспарлануда. 



Қарау саны: 761
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!