КТС.
Отандық (шетелдік филиалдардан түсетін кірісті қоса алғанда) және шетелдік (егер бизнес Норвегияда жүргізілсе немесе Норвегиядан басқарылса) компаниялардан түсетін кірістерден төленеді.
КТС 22% мөлшерлеме бойынша салынады.
Қаржы секторындағы кейбір компаниялар үшін 25% мөлшерлеме қолданылуы мүмкін.
ҚҚС.
Норвегияға тауарлар жеткізу және қызмет көрсету кезінде төленеді.
Сараланған мөлшерлемелер қолданылады:
- 25% – стандартты мөлшерлеме;
- 15% – темекі, алкоголь, дәрі-дәрмек және су құбырларынан суды қоспағанда, тамақ пен сусындарды жеткізуге қолданылатын төмендетілген мөлшерлеме. Мейрамханалар мен басқа да тамақтану орындарында тұтынылатын тамақ пен сусындарды жеткізуге қолданылмайды;
- 12% – ішкі жолаушылар тасымалына, орналастыру қызметтеріне, кино билеттеріне, мұражайлар мен галереяларға билеттерге, ойын-сауық саябақтарына билеттерге және спорттық іс-шараларға қолданылатын ҚҚС төмендетілген мөлшерлемесі;
- 0% – мыналарға қолданылады:
- тауарлар мен қызметтердің экспортына;
- норвегиялық оффшорлық және бейрезидент кемелер үшін тауарлар мен қызметтерге;
- жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды беру кезінде;
- газеттерді (оның ішінде электрондық), кітаптар мен электрондық басылымдарды жеткізу кезінде;
- салық салынатын қызметте пайдалану үшін теңіз және әуе кемелерін сату кезінде;
- кемелерді іздеу-құтқару операцияларында пайдалану үшін сату кезінде.
ҚҚС-тан босату қолданылады:
- суретшілердің еңбектері;
- медициналық қызметтер, әлеуметтік қызметтер, білім беру қызметтері;
- банктік, сақтандыру және акцияларды сатуды қоса алғанда, қаржылық қызметтер;
- жылжымайтын мүлікті сату және жалға беру,
- мәдени-ойын-сауық қызметтері.
Байлық салығы.
Норвегияның резиденттері мен бейрезиденттері муниципалдық және мемлекеттік байлық салығын төлейді.
Құны мынадан асатын мүлік үшін муниципалдық салық 0,7% құрайды:
- жеке тұлғалар үшін 1,7 млн. норвегиялық крон* (75,0 млн. теңге);
- ерлі-зайыптылар үшін 3,4 млн. норвегиялық крон (150,0 млн. теңге).
- Салық мөлшерлемесі құны мынадан асатын мүлік үшін 0,40%-ке ұлғайтылуы тиіс:
- жеке тұлғалар үшін 20 млн. норвегиялық крон* (882,0 млн. теңге) ;
- ерлі-зайыптылар үшін 40 млн. норвегиялық крон (1 764,0 млн. теңге).
* 1 норвегиялық крон = 26.09.2023 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің ресми валюта бағамына сәйкес 44,1 теңге