Ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау: 2021-2022 жыл қорытындылары

24.01.2024

Қазақстанда үшінші жыл қатарынан ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде.
 
Естеріңізге сала кетейік, әкімдерді сайлауды енгізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ел халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған болатын.

Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлануы Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаттарының бірі болып табылады.

2021 жылдың қорытындысы
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдерінің жасырын дауыс беруді пайдалана отырып, жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде өткізілетін алғашқы сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеде басталды.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша 730 сайлау округі бойынша 2 582 кандидат ұсынылды. Оның 1 628-і өзін-өзі ұсынған (63%), 954-і барлық алты саяси партияның (36,9%) өкілдері, оның ішінде "Nur Otan" партиясы (23%), "Ауыл" ХДПП (4%), Қазақстан халық партиясы (4%), "Ақ жол" ҚДП өкілдері (3%), "ADAL" партиясы (2%) және ЖСДП (1%).

2021 жылғы тамыз және желтоқсан аралығында 134 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. 134 сайлау округі бойынша 498 кандидат ұсынылды, оның 346-сы өзін-өзі ұсынған (70%), 152 - барлық алты саяси партиядан (30%) ұсынылды.

2021 жылы сайланған әкімдердің жалпы саны 864 адамды құрады. 
Барлығы 864 округ әкім лауазымына дауыс бергеннен кейін 122 өзін-өзі ұсынушы (14,1%) және саяси партиялар ұсынған 742 кандидат (85,9%) сайланды.
Бір қызығы, саяси партиялардан ұсынылған ауыл әкімдерінің сайлауында жеңімпаздар арасында "Nur Otan" партиясының өкілдері (90%) жиі жеңіске жетіп отырды.

 
Сайланған әкімдердің орташа жасы 46,1 жасты құрады. Сайланған әкімдердің 90%-тен астамы ерлер - 783 адам, қалған 81 адам - әйелдер болды. 
Сайланған әкімдердің арасында жастар аз болды. 29 жасқа дейінгі жастар саны 18 адамды құрады (2,1%).

2022 жылдың қорытындысы
2022 жылы барлық 17 облыста аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің 516 сайлауы өткізілді. Өңірлер бөлінісінде ең көп сайлау Ақмола (54) және Солтүстік Қазақстан (51) облыстарында өткізілді.

Барлығы 515 округ бойынша 1 985 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 582 (79,7%) өзін-өзі ұсынушылар, 403 (20,3%) - саяси партиялардың кандидаттары: "AMANAT" партиясы (84,2%), Қазақстан халық партиясы (6,2%), "Ауыл" ХДПП (4,7%), "Ақ Жол" ҚДП (4,7%), ЖСДП (0,2%). Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады, ал 17 облыс бойынша сайлаушылардың келуі 60%-ті құрады.
 
Сайланған 515 әкімнің 186-сы (36,1%) өзін-өзі ұсынды, 329-ы (63,9%) саяси партиялардың өкілдері ("AMANAT" партиясы (61,6%), "Ақ Жол" ҚДП (1,2%), "Ауыл" ХДПП, Қазақстан халық партиясы (0,4%), ЖСДП (0,2%) болды). Саяси партиялар туралы толық ақпарат төмендегі кестеде келтірілген.


Сайлауда жеңіске жеткендердің арасында алғаш рет әкім лауазымына 336 адам сайланды. Жалпы 340 мемлекеттік қызметші әкім лауазымына сайланды, бұл жалпы саннан 65,9%-ті құрайды. Олардың ішінде 179 адам жұмыс істеп жүрген әкімдер болды.
 
Гендерлік жағынан басым көпшілігі ер адамдар - 467, әкімдер сайлаған әйелдер саны 48 адамды құрады.
 
Осылайша, 2021-2022 жылдары аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, қоғамды демократияландыру және азаматтардың жергілікті атқарушы билік деңгейінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша елде жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды кезеңі болды. Сонымен қатар, өткен сайлау халық пен азаматтық қоғамның қызығушылығының артқанын көрсетті. 




Қарау саны: 731
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!