Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық көрсеткіштерін жаңарту мәселелерін талқылау

24.01.2024

2024 жылғы 22 қаңтарда Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің тапсырмаларын орындау барысында Экономикалық зерттеулер институтында Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық көрсеткіштерін жаңарту мәселелерін талқылау басталды.

Семинардағы алғы сөзінде "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әділ Құсманов кейбір мемлекеттік органдардың өткен қайта құрылуы, елдің стратегиялық міндеттерін алдағы қайта қарау, сондай-ақ бірнеше кейінге қалдырылған индикаторлар үшін есептеу әдістемелерін әзірлеу контекстінде жүргізіліп жатқан жұмыстың өзектілігін атап өтті.


Ағымдағы жылдың 13 ақпанында талқылауды және қорытындылауды аяқтай отырып, 22 қаңтар мен 9 ақпан аралығында ТМД-ның деректерін жинауға және іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізу жоспарлануда.


Талқылауға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы деректерді жинауға және ТДМ іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары қатысуда.




Қарау саны: 723
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!