Өңірлік бизнес-тыйымдар

26.01.2024

Мәдени және спорттық сипаттағы афишаларды кейбір өңірлерде орналастыруға болмайтынын білдіңіз бе? Егер білмеген болсаңыз, материалды соңына дейін оқып шығуға кеңес береміз, сонда Сіз афишаларды қайда орналастыруға болмайтынын және оның себебі неде екенін білетін боласыз.

 
Афиша – бұл спектакль, концерт, дәріс, фильм және т.б. туралы хабарландыру. 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 «Жарнама туралы» Заңына сәйкес мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.

Мысалы, Астана қаласында қала әкімдігінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №506-1613 қаулысымен афишалар 37 жерде, мәдени іс-шаралар туралы хабарландырулармен 11 нүктеде, спорттық іс-шаралар туралы хабарландырулармен 18 нүктеде, спорттық-бұқаралық іс-шаралар туралы хабарландырулармен 8 нүктеде орнатуға болады.

Афишаларды орналастыру нүктелерінің тізіміне аудан, көше, құрылыс нөмірі, құрылыс түрі (кітапханалар, спорт кешендері, мемлекеттік академиялық филармониялар, мұражайлар, спорт мектептері және т.б.) және тіпті кеңістіктік орналасуы (алдыңғы, сол, оң және т.б.) көрсетілген нақты кеңістіктер кіреді.

Ақтөбе облысында барлығы 14 нүкте анықталды, бұл ретте, афишаларға арналған барлық мамандандырылған орындар тек мәдени ғимараттарға жақын орналасқан, яғни нағыз спорт жанкұйерлері өткізілетін іс-шаралар туралы нашар хабардар болуы мүмкін.
 
Осылайша, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің өңірлік ерекшеліктері байқалады. Сонымен қатар, ашық кеңістіктердегі мамандандырылған көше жиһаздарының тізімін емес, нақты орындарды анықтау өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттандыру деңгейін едәуір тежейді және басқа арналар арқылы ақпаратты ілгерілеу арқылы бизнеске жүктемені арттырады.

Бүгінгі таңда осындай нормативтік құқықтық актілер 12 өңірде және 1 қалада шығарылды. Ал Абай, БҚО, Ақмола, Алматы, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалаларында кәсіпкерлік субъектілеріне афишаларды орналастыратын орын жоқ. Бұл жаңа реттеуші саясаттың негізгі қағидаттарын бұзады.

Ықтимал себебі – республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына өткен жылдың сәуір айынан бастап ғана құзырет беру.

Жалпы алғанда, осы бизнес-тыйымдарды жою үшін жоғарыда аталған өңірлерде бірқатар нормативтік құқықтық актілерді бекіту, сондай-ақ бизнес үшін тең жағдайларды қамтамасыз ете отырып, афишаларды орналастыру үшін орындар бойынша ережелерді түзету қажет.




Қарау саны: 731
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!