Рейтингтердің көрсеткіштері не туралы айтады?

29.01.2024

Тамақтану мәселелерін талдауды жалғастыра отырып, біз бұл жолы адам рационында темірдің болуын қарастырғымыз келеді.
 
Жеткіліксіз хабардар болуына байланысты адамдар күнделікті әлсіздік пен тез шаршағыштықты көбінесе демалыс пен ұйқының болмауымен байланыстырады. Бұл ретте, ДДҰ мәліметтері бойынша, бұл әлемдегі әрбір бесінші адамға әсер ететін темір тапшылығы анемиясының ықтимал "қоңыраулары" болуы мүмкін екенін де атап өткен жөн.
 
Азық-түлік қауіпсіздігі индексінде (бұдан әрі - Индекс) "Темірдің рациондағы қолжетімділігі" көрсеткіші ұсынылған. Көрсеткіштің мәні тәулігіне тұтынылатын темірдің жан басына шаққанда миллиграмммен (мг) көрсетілген. Бұған қоса, Индекс шеңберінде алынған мән негізінде балдармен баға беріледі. 
Индикатордың дереккөзі азық-түлік, сусындар және олардың қоректік компоненттері туралы ақпаратты қамтитын Жаһандық тамақтану дерекқоры (Global Nutrient Database) болып табылады.
 
2022 жылғы Индекстің қорытындысы бойынша Қазақстан "Темірдің рациондағы қолжетімділігі" көрсеткіші бойынша соңғы бірнеше жылда күніне 11,3 мг темірдің мәнін сақтай отырып, 113 ел ішінде 67-орында болды. Мәнді түрлендіру кезінде Қазақстанның осы көрсеткіш бойынша бағасы 45,2 балды құрады.

Эфиопия тәулігіне 45,4 мг темірдің максималды мәніне (100 ұпай) жетіп, индикатор бойынша көшбасшы орында тұр. Эфиопия анемия мен тойып жей алмаудың жоғары деңгейіне тап болғанын және темірге бай тағамдар әдетте қымбат екенін ескерсек, бұл парадокстық нәтиже қызығушылық тудырады. Бұл жағдайда темірді көп тұтыну Эфиопия тағамдарының негізі болып табылатын ұсақ дәнді теффаны тұтынумен байланысты.
 
Бұдан әрі Малави, Парагвай, Филиппиндер және Шри-Ланка орналасқан. Рейтингтің соңғы жолдарында Перу (6,4 мг), Гвинея (5,2 мг), Эквадор (4,9 мг) және Доминикан Республикасы (4,8 мг) орналасқан.

Денедегі темірді тасымалдау және сіңіру үшін адам ақуызды тұтынуы керек, ол өз кезегінде жануарлардан алынатын өнімдерде және оның ішкі өнімдерінде (бауыр, бүйрек немесе жүрек) көбірек болады. ДДҰ нұсқауларына сәйкес, ақуыздан келетін энергияның жалпы пайызы тұтынылатын калориялардың 10-15% шегінде болуы керек.
 
Қазақстандықтарда тәулігіне тұтынылатын ақуыздың үлесі орта есеппен 13,3%-ті құрайды, бұл ретте, Атырау облысының тұрғындары оны бәрінен көп тұтынады екен (жалпыұлттық мәннен 1,6%-ке артық).


2022 жылғы ұлттық статистика негізінде қазақстандықтардың тамақтану әдеттерін қарастыра отырып, олардың рационының негізгі өнімдері сүт және сүт өнімдері (жылына орта есеппен жан басына шаққанда 226,4 мың кг), жұмыртқа (104,6 мың кг) және жармамен нан өнімдері (128,0 мың кг) болып табылатынын атап өтуге болады. Содан кейін ет пен ет өнімдерін тұтыну тұр (78,2 мың кг), оның 0,7 мың кг сиыр бауыры темірдің тамаша қайнар көзі болып табылады.

Денсаулыққа тікелей қауіп төндірмеу үшін өнімді саналы түрде таңдаудан бастау керек. Темірге бай тағамдарды рационға үнемі қосып отыру өз-өзіне күтім мене қамқорлық жасау болумен қатар, өнімділік пен энергияны арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ денсаулық сақтау шығындарын да төмендетуге әсер етеді, елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне оң әсер етеді.




Қарау саны: 788
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!