Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық көрсеткіштерін талқылау жалғасуда

29.01.2024

Елдің тұрақты дамуы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, ол үш өлшемнің бірлігінде қарастырылады: әлеуметтік, экономикалық және экологиялық. 

Осы үш бағыттың теңгерімінде елімізде Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық көрсеткіштері айқындалып, жүзеге асырылды.

22-қаңтарда Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің тапсырмаларын орындау шеңберінде Экономикалық зерттеулер институтында Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық көрсеткіштерін жаңарту мәселелерін талқылау басталды.


Өткен апта Тұрақты даму мақсаттарының халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған көрсеткіштерін талқылаумен аяқталды. Ұлттық индикаторлардың іске асырылып жатқан мемлекеттік саясатқа қатыстылығын белсенді талқылауға әлі екі апта бар. Ағымдағы апта экономикалық блоктың ТДМ ұлттық көрсеткіштерін талқылауға арналған.


Талқылауға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының, деректерді жинауға және ТДМ іске асыруға жауапты орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары қатысуда.




Қарау саны: 720
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!