27-қаңтарда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тұрақты даму мақсаттары хатшылығының сарапшылары «Талдау мектебі» қатысушылары үшін «Миссия 2030» іскерлік ойынын өткізді.
Ойынға мемлекеттік қызметкерлер, аналитикалық құрылымдардың, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, қоғамдық сарапшылар, журналистер, зерттеушілер және т.б. қатысты.
Анықтама үшін: «Талдау мектебі» қоғамдық жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылуда және мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, БАҚ қызметі және азаматтық сектор саласындағы аналитикалық тәсілдердің сапасын арттыруға бағытталған.
Қатысушылар арасында «Миссия-2030» іскерлік ойынын өткізу өңірлерді дамытудың басым бағыттарын анықтауға және оларды Тұрақты даму мақсаттарының барлық міндеттеріне сіңіруге бағытталды.
Ойын барысында болашақ аналитиктер өздерінің құндылықтарын, әрекеттерін, элементтерін, қиындықтарын, мүмкіндіктерін, кедергілерін және тәуекелдерін бұрын дәлелдеп, таңдаған мәселелерін шешу механизмдерін қалыптастырды. Таза су мен канализация, денсаулық пен әл-ауқат, сапалы білім, гендерлік теңдік және т.б мәселелер өзекті тақырыптар ретінде белгіленді.