Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының қолжетімділігі

31.01.2024

Ресми терминологияға сәйкес, азық-түлік тауарлары дегеніміз -айналымдағы және адам тұтынатын табиғи немесе өңделген түрдегі өнімдер (соның ішінде балалар тағам, диеталық тағам өнімдері).

Демек, бұл тауарлардың адамға қолжетімділігі азық-түлік қауіпсіздігі ұғымын анықтайды, ол ресми анықтамада келесідей көрінеді: «азық-түлік қауіпсіздігі барлық адамдар әрдайым белсенді және салауатты өмір сүру үшін диеталық қажеттіліктері мен тағамдық артықшылықтарын қанағаттандыру үшін жеткілікті қауіпсіз және қоректік тағамға физикалық, әлеуметтік және экономикалық қолжетімділікке ие болған кезде болады».

Осы тауарлардың бағалық өзгеруі тұтыну бағаларының индексі бойынша, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша жеке статистикалық деректерді енгізу жолымен бақыланады.
 
Анықтама үшін. Тұтыну бағаларының индексі - бұл халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің белгіленген тізбесіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

Сонымен бірге, соңғы 5 жылдағы (2019-2022 жыл және 2023 жылғы қараша аралығында) өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларына тұтыну бағалары индексінің (бұдан әрі – АТ-на ТБИ) өзгеруін талдау кезінде келесі көрсеткіштерді атап өткен жөн :

2019 жылы өңірлер бөлінісінде АТ-на ТБИ орташа көрсеткіші 109,5% құрады. 
Ең жақсы көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында анықталды – 108,6%.
Ең нашар көрсеткіш Алматы қаласында болды – 110,6%.

 
2020 жылы өңірлер бөлінісінде АТ-на ТБИ орташа көрсеткіші 111,3% құрады. 
Ең жақсы көрсеткіш Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында анықталды – 110,8%.
Ең нашар көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында болды – 112,6%.

  
2021 жылы өңірлер бөлінісінде АТ-на ТБИ орташа көрсеткіші 110% құрады. 
Ең жақсы көрсеткіш Батыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарында анықталды – 109,4%.
Ең нашар көрсеткіш Маңғыстау облысында болды – 111,8%.

  
2022 жылы өңірлер бөлінісінде АТ-на ТБИ орташа көрсеткіші 119,1% құрады. 
Ең жақсы көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында анықталды – 118%.
Ең нашар көрсеткіш Маңғыстау облысында болды – 123,2%.

  
2023 жылғы қарашада (2022 жылғы қаңтар-қарашаға қарай) өңірлер бөлінісінде АТ-на ТБИ орташа көрсеткіші 116,1% құрады. 
Ең жақсы көрсеткіш Алматы қаласында анықталды – 108,6%.
Ең нашар көрсеткіш Маңғыстау облысында болды – 114,6%.

  
Демек, АТ-на ТБИ ең нашар көрсеткіші Маңғыстау облысында байқалды. 

Азық-түлік тауарларының, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша бағалардың өңірлердегі өзгерістерін орталықтандырылған қадағалау мемлекеттік органдардың осы тауарлардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді жедел талдау және шешу үшін және бірінші кезекте қоғамның әлеуметтік осал топтары үшін жүйелі жұмысын талап етеді.

Бұл ретте, толыққанды талдау үшін өңірлер бөлінісінде деректердің жетіспеушілігі бар екенін атап өткен жөн. Осылайша, өңірлер бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша статистикалық деректер ашық қолжетімділікте жоқ.

Сонымен қатар, әрбір өңірде проблемалардың ерекшелігінің болуын ескере отырып, халық үшін азық-түлік (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) тауарларға қолжетімді бағаларды қамтамасыз етуге бағытталған әрбір өңір үшін мемлекеттік шаралардың жеке алгоритмін айқындау қажеттілігі бар.

    


Қарау саны: 756
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!