Ауылдан қалаға: Жетіген инфрақұрылымы қандай жай-күйде?

31.01.2024

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 9 қаңтардағы №432 Жарлығымен Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, Алатау қаласы болып өзгертілді.

Жаңа қала 88 мың гектар аумақты алып жатыр, соның ішінде 11,5 мың гектар - тұрғын және қоғамдық аймақтар, 6,0 мың гектардан астам – өнеркәсіптік аумақтар, 40,0 мың гектардан астам – жасыл желектер мен рекреациялық аймақтардың аумағы. Қазіргі уақытта қала аумағына кірген ауыл тұрғындарының саны 52,7 мың тұрғынды құрайды. Жаңа қаланың аумағына Жетіген ауылы және тағы 11 ауылдық елді-мекен кірді (Жаңаталап, Жаңадәуір, Ынтымақ, Қоянқұс, Еңбек, Құйған, Жаңаарна, Дәулет, Қайрат, Заречное, Арна).

 
Бас жоспардың жобасына сәйкес Алатау қаласы «Ақылды қала» тұжырымдамасын ескере отырып жобаланатын болады. Қазіргі заманғы төрт тақырыптық ауданды қалыптастыру көзделіп отыр (Gate Districts, Golden Districts, Growing District және Green District), олар Алматы-Қонаев автомагистралінің бойында орналасады.

Бұдан басқа, үкімет АЭА аумағын 30 мыңнан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту және G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы мен Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылатын болады.


Естеріңізге сала кетейік, Жетіген ауылы Алматыдан 47 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті атқарушы органның мәліметінше 2022 жылы ауылда 22 мың адам өмір сүрген.

Қазір ауылда қандай инфрақұрылым бар?
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша Жетіген ауылында объектілермен және қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз ету деңгейі 78,4%-ды құрады.

Жетігенде әлеуметтік нысандардың ішінде 3 мектеп, 12 мектепке дейінгі мекеме, ауылдық аурухана, спорт залы және т.б. бар. Ауыл халқының өсуін ескере отырып, бір мектеп пен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға қосымша қажеттілік бар. Бұл ретте. ауылда бір мектепке және бір мектепке дейінгі мекемеге күрделі жөндеу талап етіледі.

Жол инфрақұрылымына келетін болсақ, Жетіген ауылында жолдардың жай-күйіне және көшелерді жарықтандыруға байланысты белгілі бір мәселелер бар. Осылайша, ауылдағы жолдардың жалпы ұзындығы 77,2 км құрайды, оның 15,4% немесе 11,9 км қанағаттанарлықсыз жағдайда. Сонымен қатар, жарықтандырылған көшелердің үлесі небәрі 35% құрайды.

Халықтың 84%-ы таза ауыз суға қол жеткізе алады. Су құбыры желісінің жалпы ұзындығы - 97,7 км. Қамтамасыз етудің жеткілікті жоғары көрсеткіштеріне қарамастан, ауылда белгілі бір мәселелер бар. 
Осылайша, соңғы мәліметтер бойынша, су желісінің шамамен 50%-ы тозған күйде тұр. Бұл ретте, барлық тұрғындар үшін берік әрі қауіпсіз сумен қамтамасыз ету үшін шамамен 12 км су желілерін ауыстыру қажет. 

Өңірге жаңа қаланы құру қандай мүмкіндіктер береді? 

Біріншіден, бұл аграрлық аймақ экономикасын индустрияландыру және урбанизациялық процестерді ынталандыру, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір өңірде урбанизация деңгейі 16,2%-ды құрайды, ал 1,2 млн. астам адам ауылдық жерлерде тұрады. 

Екіншіден, жаңа қаланы құру Алматыға түсетін жүктемені азайтады және Алматы агломерациясының толыққанды қалыптасуына ықпал етеді.




Қарау саны: 783
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!