Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

01.02.2024

Мемлекеттік бюджетке түсімдер: 2023 жылғы 1 қазан

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 22 359 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 884,8 млрд. теңгеге немесе 21%-ке артық.  Мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсімі салық түсімдерінің оң серпінімен қамтамасыз етілген. Мәселен, бюджеттің салық кірістері 22,9%-ке өсті, абсолюттік мәнде өсім 3 089,9 млрд. теңгені құрады.
 
Салық түсімдерінің құрылымында 2023 жылдың 11 айында ең үлкен өсімді ҚҚС көрсетті. Осылайша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, ҚҚС-нан түсімдер 1 163,5 млрд.теңгеге (+28,3%) өсті. Бюджеттің салық түсімдерінің өсуіне оң салым сондай-ақ КТС 680,7 млрд теңгеге (+21%) және ЖТС 451,5 млрд теңгеге (+33,5%) өсуімен байланысты.


Дегенмен, түсімдердің ұлғаюына қарамастан, мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы 98,8% құрады, бұл ретте, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер ағымдағы жылға нақтыланған бюджеттен 90% құрайды. Осылайша, 2023 жылдың соңғы айында мемлекеттік бюджет 10%-ке немесе 2 465,3 млрд. теңгеге толықтырылуы тиіс. 

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет шығындары

2023 жылғы 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығындары 24 244,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ке немесе 4 764,2 млрд. теңгеге артық. Негізінен, бюджет шығындарының өсуі мемлекеттік бюджет шығындарының 4 522,5 млрд. теңгеге (+24,4%) ұлғаюының салдары болып табылады.

Функционалдық топтар тұрғысынан ең үлкен шығын баптары келесідей бөлінеді:
  • Білім. 11 айдағы шығындар 5 085,1 млрд. теңгені құрады, бұл ретте өсім 1 092,5 млрд. теңгені (+27,4%) құрады;
  • Әлеуметтік көмек және қамтамасыз ету. 2023 жылғы қаңтар мен қараша аралығында 4 821,7 млрд. теңге жұмсалды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 715,5 млрд. теңгеге (+17,4%) артық;
  • Қарызға қызмет көрсету. Мемлекеттік қарыз бойынша пайыздарды төлеуге 1 809,3 млрд. теңге бөлінді, өсім 524,5 млрд. теңгені (+40,8%) құрады;
  • Денсаулық сақтау. Халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге 2 053,5 млрд. теңге жұмсалды (+10,4%).


Бұл ретте, 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығындарының атқарылуы 96,5%, ал 2023 жылғы нақтыланған шығындар жоспарының үлесі 84,3% құрады. Осылайша, 2023 жылға арналған бюджет шығындары нақтыланған жоспардан аз болады деп күткен жөн.
 
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет теңгерімі

Осылайша, 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет теңгерімі 1 885,5 млрд. теңге мөлшерінде тапшылықта қалыптасты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,4%-ке артық. Бұл ретте, мұнай емес тапшылық небәрі 515,7 млрд.теңгеге (7,7%) ұлғайды. 




Қарау саны: 808
Сақталған: 01.02.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!