Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары
01.02.2024
Мемлекеттік бюджетке түсімдер: 2023 жылғы 1 қазан 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 22 359 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 884,8 млрд. теңгеге немесе 21%-ке артық. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсімі салық түсімдерінің оң серпінімен қамтамасыз етілген. Мәселен, бюджеттің салық кірістері 22,9%-ке өсті, абсолюттік мәнде өсім 3 089,9 млрд. теңгені құрады. Салық түсімдерінің құрылымында 2023 жылдың 11 айында ең үлкен өсімді ҚҚС көрсетті. Осылайша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, ҚҚС-нан түсімдер 1 163,5 млрд.теңгеге (+28,3%) өсті. Бюджеттің салық түсімдерінің өсуіне оң салым сондай-ақ КТС 680,7 млрд теңгеге (+21%) және ЖТС 451,5 млрд теңгеге (+33,5%) өсуімен байланысты. Дегенмен, түсімдердің ұлғаюына қарамастан, мемлекеттік бюджет кірістерінің атқарылуы 98,8% құрады, бұл ретте, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер ағымдағы жылға нақтыланған бюджеттен 90% құрайды. Осылайша, 2023 жылдың соңғы айында мемлекеттік бюджет 10%-ке немесе 2 465,3 млрд. теңгеге толықтырылуы тиіс. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет шығындары 2023 жылғы 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығындары 24 244,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ке немесе 4 764,2 млрд. теңгеге артық. Негізінен, бюджет шығындарының өсуі мемлекеттік бюджет шығындарының 4 522,5 млрд. теңгеге (+24,4%) ұлғаюының салдары болып табылады. Функционалдық топтар тұрғысынан ең үлкен шығын баптары келесідей бөлінеді:
Бұл ретте, 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығындарының атқарылуы 96,5%, ал 2023 жылғы нақтыланған шығындар жоспарының үлесі 84,3% құрады. Осылайша, 2023 жылға арналған бюджет шығындары нақтыланған жоспардан аз болады деп күткен жөн. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет теңгерімі Осылайша, 2023 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет теңгерімі 1 885,5 млрд. теңге мөлшерінде тапшылықта қалыптасты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,4%-ке артық. Бұл ретте, мұнай емес тапшылық небәрі 515,7 млрд.теңгеге (7,7%) ұлғайды.
Қарау саны: 751 |
|
|