Өңірлік бизнес-тыйымдар

02.02.2024

Ыстық және салқын сусындар, газеттер, балмұздақ, шаурма, шарлар және т.б. сияқты тауарлар "дәстүрлі түрде" автоматтар, қозғалмалы дүңгіршектер, автотұрақтар, шатырлар (павильондар) немесе қарапайым дүңгіршектер арқылы сатылатынын бәріміз жақсы білеміз.

Алайда, ЖАО қабылдайтын НҚА-да көрсетілген әкімшілік кедергілердің болуына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғарыда аталған тауарларды сату мүмкін емес екенін бәрі біле бермейді.

 
Осылайша, бүгінгі таңда ЖАО функциясына стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын олардың нақты орналасқан жерін, бағдар сызбасын, алып жатқан алаңын, сауда қызметін жүзеге асыру кезеңін көрсете отырып, айқындау функциясы кіреді.

Кәсіпкерлік субъектілері жобаларды іске асыру орнына қарай әкімдіктердің тиісті қаулыларын басшылыққа алуға тиіс, кері жағдайда, ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, егер бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалса – 10 АЕК.

Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) бағыттарын айқындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер, Алматы қаласын қоспағанда, стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидалары бекітілген барлық әкімдіктерде шығарылды. Осылайша, Алматыдағы бизнес өкілдері басқаларға қарағанда көбірек еркіндікке ие.

Кәсіпкерлік қызметті «тең емес» реттеудің қосымша мысалы ретінде Шымкент қаласын да атап өтуге болады.
Мәселен, Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 тамыз №1464 қаулысымен бекітілген қағидалармен стационарлық емес сауда объектілерін, бірақ тек ауыл шаруашылығы өнімдерін орналастыратын 43 орын анықталды. Яғни, стационарлық емес сауда объектілерінде өзге өнімді өткізу көзделмеген.

Әкімдік ауыл шаруашылығы өнімінің дистрибьюторлары үшін тиімді құқықтық шарттарды белгіледі, бұл өз кезегінде нарықтық экономика жүйесіндегі кәсіпкерлікті реттеудің негізгі қағидаттарына тікелей сәйкес келмейді.

Қорытындылай келе, бизнесті ыңғайлы жүргізу үшін жеткілікті жағдай жасау үшін нарықтың жекелеген субъектілеріне бәсекелестік артықшылықтар беретін барлық нормативтік актілерді тікелей немесе жанама түрде қайта қарау қажет деген қорытынды жасауға болады. Бұл әділ бизнес-ортаны және адал кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.




Қарау саны: 717
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!