Әлеуметтік прогресс индексі-2024 нәтижелері
04.02.2024
Social Progress Imperative Халықаралық зерттеу жобасының Әлеуметтік прогресс индексі-2024 нәтижелері 2024 жылғы Әлеуметтік прогресс индексінде Қазақстан нәтижелерін 2022 жылғы нәтижелермен салыстырғанда 2 тармаққа жақсартып, 170 елдің ішінде 63 орынға ие болды. Елдің жалпы бағасы 69,73 балды құрады, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (63,44 балл) жоғары. Рейтингте жетекші орындарында Дания (1-орын), Норвегия (2-орын) және Финляндия (3-орын). Қазақстан Катар (65-орын), Вьетнам (66-орын), Мексика (69-орын), Перу (73-орын), Ресей (76-орын), Қытай (77-орын), Өзбекстан (81-орын), Түркия (85-орын), Қырғызстан (86-орын) сияқты елдерден озып тұр. 12 компоненттен 6 компонент бойынша жағдай жақсарды, қалған 6 компонент бойынша нашарлады. Индикаторлар бөлінісінде Қазақстан орта білім берудегі гендерлік теңдік, электрмен жабдықтаудың қолжетімділігі және ұялы байланыс абоненттерінің саны бойынша көш бастап тұр. Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары балалардың орта мектептегі үлгерімі (6-орын), онлайн-үкіметке қолжетімділік (15-орын), білімі бар халық саны (26-орын), интернет пайдаланушылар саны (26-орын) болып табылады. Материалдарды қайта өңдеу (164-орын), бейбіт жиналыстар еркіндігі (144-орын), кұтілетін өмір сүру ұзақтығы 60 жыл (130-орын) бойынша ел әлсіз позицияларға ие. Жалпы алғанда, 2023 жылғы зерттеу аясында жалпы 61 елде денсаулық сақтау, құқықтарды қорғау, сөз еркіндігі, ақпарат және коммуникация салаларындағы көрсеткіштердің төмендеуімен байланысты әлеуметтік прогрестің едәуір төмендегені анықталды. Анықтама үшін: Social Progress Imperative зерттеуі қоғамның өз азаматтарының негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін бағалауға, азаматтар мен қауымдастықтарға өмір сүру сапасын жақсартуға және қолдауға мүмкіндік беретін құрылыс блоктарын құруға және барлық адамдардың өз әлеуетін толық жүзеге асыруы үшін жағдай жасауға бағытталған. Әлеуметтік прогресс индексі 12 компоненттен және 57 индикатордан тұрады, олар 3 негізгі факторға жинақталған: негізгі қажеттіліктер, әл-ауқат негіздері және мүмкіндіктер.
Қарау саны: 1089 |
|
|