Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?

05.02.2024

Тамақтану тақырыбын жалғастыра отырып, дұрыс тамақтанбаудың таралу көрсеткішін толығырақ қарастырайық.

Бұл көрсеткіш Әлеуметтік прогресс индексі (Social Progress Index, SPI) шеңберінде қаралады, ол өзінің энергетикалық қажеттіліктерін жабу үшін калориялардың жеткіліксіз санын тұтынатын халықтың үлесін есептейді. Бұл дегеніміз, адам аз мөлшерде тамақ ішіп қана қоймай, ондағы қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігін де тұтынады.

SPI үшін ақпарат көзі БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) деректері болып табылады. ФАО әдіснамасына сәйкес бұл көрсеткіш соңғы 3 жылдағы орташа мәнді есептейді. "Жете тамақтанбаудың таралуы" көрсеткіші "Аштықты жою" тұрақты дамудың 2 мақсатына қол жеткізудегі прогресті өлшейтінін атап өткен жөн.

2024 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанда жете тамақтанбаудың (дұрыс тамақтанбаудың) таралуы 2,5%-тен төмен және еліміз 170 елдің ішінде 1-орынға ие болды. Бұл ретте, 50 елде Қазақстанмен ұқсас нәтижелер атап өтіледі: Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Канада, Қытай, Дания, Эстония және т.б.

Жете тамақтанбаудың ең көп таралуы негізінен Африка елдерінде байқалады: Сомали (59,5%), Орталық Африка Республикасы (48,2%), Гаити (46,8%), Йемен (45,4%), Мадагаскар (43,2%), Конго Демократиялық Республикасы (41,78%).

 

ФАО бағалауы бойынша 2022 жылы 2,4 млрд адам, олардың арасында әйелдер мен ауыл тұрғындары салыстырмалы түрде көп, жыл бойы қоректік, қауіпсіз және жеткілікті тағамға қол жеткізе алмады. Сонымен қатар, бес жасқа дейінгі миллиондаған балалар өсудің тежелуінен (148 миллион), сарқылудан (45 миллион) және артық салмақтан зардап шегеді.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Азия мен Латын Америкасындағы аштықты азайтуда прогреске қол жеткізілді, алайда, Батыс Азияда, Кариб теңізінде және Африканың барлық субаймақтарында жете тамақтанбаудың таралуы әлі де артып келеді.

Сонымен бірге, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру саясаты Қазақстан үшін де өзекті тақырып болып табылады. Қазақстанның ұлттық статистикасының деректері көрсеткендей, соңғы 10 жылда елімізде жете тамақтанбаудың таралуы 4,6 есе өсті (2012 жылғы 1,8%-тен 2022 жылғы 8,4%-ке дейін). Бұл ретте, ауылдық жерлерде жете тамақтанбаудың таралуы қалалық жерлерге қарағанда 2 есе төмен. Ұлттық статистикаға сәйкес көрсеткіш соңғы 12 айдағы үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу жолымен есептелетінін атап өткен жөн.

Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша Қазақстан халқы арасында респонденттердің 5,7%-і ақшаның немесе басқа ресурстардың жетіспеушілігінен азық-түлік тапшылығы туралы алаңдағаны, 2,1%-і аштыққа ұшырап, тамақ іше алмағаны және 1,3%-і күні бойы ештеңе жемегені мәлім болды.


Қазіргі уақытта елімізде азық-түлік тауарларының қолжетімділігін, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жұмыс істейді.

Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту маңызды болып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген.




Қарау саны: 698
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!