Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды
07.02.2024
№28 қорытынды – Саяси билік пен мемлекеттік органдар ашықтығының жоғары деңгейі халықтың өмір сүру сапасының өсуіне әсер етеді Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының "Өңірлік теңсіздікті зерттеу" жобасы шеңберінде, көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстар зерттелді. Қазақстандағы әл-ауқатты зерттеуде негізгі факторлар субъективті әл-ауқат, материалдық жағдайлар және өмір сапасы болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша саяси басқару көрсеткіштері мен жұмысқа қанағаттану, жұмысқа орналасу және билікке деген сенім арасындағы ең маңызды корреляциялық байланыстар анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық, саяси басқару және жұмыспен қамту көрсеткіштері арасындағы маңызды корреляциялық байланыс анықталды:
Сыбайлас жемқорлық, халықтың саяси басқару мүмкіндіктері және әртүрлі органдар мен ұйымдардағы халықтың сенімділігі арасындағы корреляциялық байланысты бағалау келесіні көрсетті:
Өңірлік әл-ауқатты бағалау барысында саяси басқару көрсеткіштері мен материалдық жағдайлар мен өмір сапасының көрсеткіштері арасындағы корреляциялық байланыстар анықталды. Анықталған өзара байланыстар саяси билік пен мемлекеттік органдар ашықтығының жоғары деңгейі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, халықтың үміттерін орындауға және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстануға ұмтылуға елеулі әсер ететінін, халық арасында елдің саяси өміріне қатысу белсенділігінің артуын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатынын көрсетті.
Қарау саны: 683 |
|
|