Өңірлік бизнес-тыйымдар

09.02.2024

Алматы қаласында жазғы алаңдарды белгілейтін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қосымша реттеу енгізілгенін білесіз бе? Осы сұрақтын жауабын және себептерін талқылайық.

Қазақстан Республикасында жазғы алаңдарды белгілейтін кәсіпкерлік субъектілері сауда қызметін реттеу, өрт қауіпсіздігі, тұрғын үй және жер заңнамасы саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға міндетті.


Алайда, Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 ақпандағы №1/80 қаулысымен қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жазғы алаңдарды орнату қағидалары бекітілді. Бұл дегеніміз, тамақтандыру саласындағы Алматы кәсіпкерлері жазғы алаңды орнату және бөлшектеу бөлігіндегі талаптарды қосымша сақтауға міндетті.
 
19 өңірдегі қалған субъектілер эскиздік жобаны бекіту, қасбеттің архитектуралық элементтерін пайдалану, архитектуралық стильді таңдау және белгілі бір радиуста іргелес аумақта жазғы кафе орнату бойынша толық еркіндікке ие.
 
Мұндай іскерлік теңсіздіктер, ең алдымен, қалалардың ерекшеліктеріне, олардың сараланған ауқымдарына байланысты.
 
Осылайша, Алматы қаласы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшеліктеріне қарай ерекше мәртебеге ие. Бұл қаланың қалалық ландшафты басқа өңірлерден ерекшеленеді, сондықтан мұндай ережелер дәл осы жерде талап етілуі мүмкін.

Жалпы алғанда, Алматы қаласында жазғы алаңдарды орнатуды реттеу қоғамдық кеңістікті пайдалануды жүйелендіру және жақсарту әрекетін білдіреді. Алайда, оның Қазақстанның басқа қалаларына таралуы туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр және мүдделі тараптардың қатысуымен ауқымды талқылауды талап етеді.




Қарау саны: 658
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!