Адамдардың субъективті әл-ауқатына тұрғын үй, жұмыс және денсаулық жағдайларының сапасы едәуір әсер етеді
14.02.2024
Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының "Өңірлік теңсіздікті зерттеу" жобасы шеңберінде, көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстар зерттелді. ЭЫДҰ әдістемесіне сәйкес халықтың әл-ауқатын өлшеу жұмыспен қамту көрсеткіштерінің, денсаулық жағдайының, білімнің, әлеуметтік байланыстардың, қоршаған орта сапасының, қауіпсіздіктің, азаматтық белсенділік пен басқарудың және т.б. әсерін анықтайды. Қазақстандағы әл-ауқатты зерттеуде негізгі факторлар субъективті әл-ауқат, материалдық жағдайлар және өмір сапасы болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша субъективті әл-ауқат пен денсаулық деңгейі, аурудың болуы, қаржылық жағдайға, жұмысқа қанағаттану, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тұрғын үй деңгейі арасындағы ең маңызды корреляциялық байланыстар анықталды. Денсаулық пен субъективті әл-ауқаттың өзара байланысына қатысты мыналар атап өтіледі:
Субъективті әл-ауқат көрсеткіштері мен материалдық жағдай көрсеткіштері арасындағы қарым-қатынасқа қатысты:
Өңірлік әл-ауқатты бағалау барысында субъективтік әл-ауқат көрсеткіштері мен материалдық жағдайлар мен өмір сапасының көрсеткіштері арасындағы корреляциялық байланыстар анықталды. Анықталған өзара байланыстар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өңірлік саясатты қалыптастыру және жүргізу кезінде оларды есепке алудың тікелей қажеттілігін көрсетті, өйткені ақыр соңында ұзақ мерзімді перспективада мемлекет саясатындағы барлық өзгерістердің мақсаты әрбір азаматтың үйлесімді және белсенді өмірі болып табылады. Мемлекеттік саясаттың тиімділігі медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, сондай-ақ адами капиталды дамыту бөлігінде нақты бастамаларды тәжірибеде іске асыруда тікелей көрініс табады.
Қарау саны: 699 |
|
|