Ерлер және кедейлік
14.02.2024
Кедейлік деңгейінің 2001 жылғы 47%-тен 2022 жылғы 5,2%-ке дейін төмендеуіне қарамастан, Қазақстан халқының анағұрлым осал топтары кедейлік пен сақталып отырған осалдықты сезінуді жалғастыруда. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғындарға қатысты (атап айтқанда, жұмыссыздар, көп балалы отбасылар немесе мүгедек адамдар бар отбасыларда). Соңғы 20 жылда кедейлікті азайтуда Атырау (17 есе), Алматы (16 есе), Жамбыл (14 есе) және Қызылорда (13 есе) облыстары маңызды рөл атқарды. Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ СҚО-да кедейліктің азаюы аз байқалды (4 есе). 2022 жылдың қорытындысы бойынша халық арасында кедейліктің жоғары деңгейі Түркістан (9,7%) және Маңғыстау (8,1%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (6,6%) тіркелді. Ерлер арасындағы кедейлік оларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейді деген пікір бар, сондықтан "Samaritans" Британдық қайырымдылық ұйымының зерттеуіне сәйкес, қоғамның төмен топтарына жататын орта жастағы ер адамдар бай құрдастарына қарағанда өз-өзіне қол жұмсау ықтималдығы 10 есе жоғары. Анықтама үшін: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша суицидтер әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаттың өзіндік көрсеткіші болып табылады, суицидтердің жоғары деңгейі қоғамдағы дағдарысты көрсетеді. Көбінесе халық арасында суицидтің алғышарты кемсітушілік пен кедейлік болып табылады. Егер қазақстандық ерлер арасындағы суицид деңгейін талдайтын болсақ, онда ауылдық жерлердегі ер адамдар ауылдық әйелдерге қарағанда 3,5 есе, ал қалаларда тұратын ерлерге қарағанда 3 жағдайға артық суицид жасайтыны анықталды. Өңірлер арасында Ақмола облысында (27,6 жағдай), ШҚО-да (24,6 жағдай) және СҚО-да (24,3 жағдай) 100 мың тұрғынға шаққанда ерлер суицидінің ең жоғары көрсеткіштері байқалды. Ерлер суицидінің ең төмен көрсеткіштері Алматы қаласында (7,1 жағдай), Атырау (8 жағдай) және Маңғыстау (8,5 жағдай) облыстарында тіркелді. Ерлер арасындағы кедейлік пен суицид деректерін талдауға сүйене отырып, кедейліктің суицид деңгейіне әсер етуінің тікелей байланысы жоқ. Бұл ретте, кедейлік көрсеткіштері жоғары өңірлерде суицидтің төмен көрсеткіштері діни және өзге де себептер бойынша адам өлімінің нақты себебін жасыру фактілерімен байланысты болуы мүмкін. Алайда, бір нәрсе анық, ұлттық экономиканың дамуы мемлекеттің азаматтарды жаңа сұранысқа ие кәсіптерге оқыту/қайта даярлау бойынша жұмысты тез жүргізу қабілетіне тікелей байланысты, бұл жұмыссыздық пен кедейлік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді (әсіресе ауылдық жерлерде).
Қарау саны: 698 |
|
|