2023 жылы ҚР-да көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері
16.02.2024
2023 жылы «Көлік және қоймалау» секторының өсу қарқыны 2022 жылдың басынан бастап 2,3 т.т. қысқарып, 106,9% г/г құрады. 2022 жылдың аяғынан бастап «Көлік және қоймалау» секторының өсу қарқыны 3,2 т.т. қысқарды. Республика көлігімен есепті кезеңде 980,7 млн. тонна жүк тасымалданды (өткен жылдың сәйкес кезеңінің 4,4% артық). Көліктің барлық түрлерімен жүк айналымы 501,3 млрд. т-км (+ 3,1% г/г) құрады. Жолаушылар айналымы 72,8 млрд. п-км (+10,3% г/г) құрады. 1579,9 млн. жолаушы тасымалданды (+8,3% г/г). Темір жол көлігімен 416,4 млн. тонна жүк тасымалданды (+2,8 г/г).
Автомобиль көлігімен 287,2 млн тонна жүк тасымалданды (+10,6% г/г).
Құбыр көлігімен 275 млн. тонна жүк тасымалданды (+0,8% г/г). Жүк айналымы 143,7 млрд. т-км құрады (-0,2% г/г). Әуе көлігімен 13,3 млн. жолаушы тасымалданды (+20,7% г/г). Жолаушылар айналымы 25,9 млрд. п-км құрады (+28,8% г/г). Ішкі су көлігімен 762,2 мың тонна жүк (+9,5 г/г); 121,1 мың жолаушы (-15,4% г/г) тасымалданды. Теңіз көлігімен 1325,4 мың тонна жүк тасымалданды (+11% г/г). Теңіз көлігімен жүк айналымы 859 млн. т-км құрады (+26% г/г). Кәсіпорындардың тасымалдаудан кірістері есепті жылы 5260,4 млрд. теңгені (+29,2% г/г), оның ішінде жүктерді, жүк-багажды тасымалдаудан 4193,7 млрд. теңгені (+28,5% г/г), жолаушыларды тасымалдаудан 1066,7 млрд. теңгені (+32,1% г/г) құрады. Көлік құралдарын жүргізушімен (экипажымен) жалға беруден кірістер есепті жылы 5,8%-ке (2022 жылы 202,7 млрд теңгеден 2023 жылы 214,5 млрд теңгеге дейін) өсті.
Қарау саны: 705 |
|
|