2023 жылы ҚР-да көлік жұмысының негізгі көрсеткіштері

16.02.2024

2023 жылы «Көлік және қоймалау» секторының өсу қарқыны 2022 жылдың басынан бастап 2,3 т.т. қысқарып, 106,9% г/г құрады. 2022 жылдың аяғынан бастап «Көлік және қоймалау» секторының өсу қарқыны 3,2 т.т. қысқарды.


Республика көлігімен есепті кезеңде 980,7 млн. тонна жүк тасымалданды (өткен жылдың сәйкес кезеңінің 4,4% артық).
Көліктің барлық түрлерімен жүк айналымы 501,3 млрд. т-км (+ 3,1% г/г) құрады.

Жолаушылар айналымы 72,8 млрд. п-км (+10,3% г/г) құрады. 1579,9 млн. жолаушы тасымалданды (+8,3% г/г).

Темір жол көлігімен 416,4 млн. тонна жүк тасымалданды (+2,8 г/г). 
  • Теміржол көлігімен жүк айналымы 326,8 млрд. т-км құрады (+4,8% г/г). 
  • 19,8 млн жолаушы тасымалданды (+2,1% г/г). 
  • Жолаушылар айналымы 16,1 млрд. п-км құрады (-1,5% г/г).

Автомобиль көлігімен 287,2 млн тонна жүк тасымалданды (+10,6% г/г). 
  • Автомобиль көлігімен жүк айналымы 29,8 млн. т-км құрады (+1,7%)
  • 1 547 млн. жолаушы тасымалданды (+8,3% г/г).
  • Жолаушылар айналымы 30,7 млрд. п-км құрады (+4,2 г/г).

Құбыр көлігімен 275 млн. тонна жүк тасымалданды (+0,8% г/г).
Жүк айналымы 143,7 млрд. т-км құрады (-0,2% г/г).

Әуе көлігімен 13,3 млн. жолаушы тасымалданды (+20,7% г/г). 
Жолаушылар айналымы 25,9 млрд. п-км құрады (+28,8% г/г).

Ішкі су көлігімен 762,2 мың тонна жүк (+9,5 г/г); 121,1 мың жолаушы (-15,4% г/г) тасымалданды.

Теңіз көлігімен 1325,4 мың тонна жүк тасымалданды (+11% г/г).
Теңіз көлігімен жүк айналымы 859 млн. т-км құрады (+26% г/г).

Кәсіпорындардың тасымалдаудан кірістері есепті жылы 5260,4 млрд. теңгені (+29,2% г/г), оның ішінде жүктерді, жүк-багажды тасымалдаудан 4193,7 млрд. теңгені (+28,5% г/г), жолаушыларды тасымалдаудан 1066,7 млрд. теңгені (+32,1% г/г) құрады.

Көлік құралдарын жүргізушімен (экипажымен) жалға беруден кірістер есепті жылы 5,8%-ке (2022 жылы 202,7 млрд теңгеден 2023 жылы 214,5 млрд теңгеге дейін) өсті.




Қарау саны: 685
Сақталған: 26.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!