Ұлттық ТДМ индикаторларын жаңарту мәселелерін талқылауға арналған семинар
19.02.2024
16-ақпанда Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық көрсеткіштерін қайта қарау мәселесі бойынша қорытынды семинар өтті. Тұрақты даму мақсаттарының ұлттық көрсеткіштерін талқылауды қорытындылауға арналған іс-шара 22-қаңтар мен 9-ақпан аралығын қамтыды. Семинарды ашқан «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А.Құсманов және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры Н. Жанназарова баяндама жасады. ҚР Ұлттық статистика бюросының халықаралық қатынастар және тұрақты даму департаментінің директоры Досанова А. ТДМ ұлттық көрсеткіштерін жаңартудың негізгі тәсілдерімен таныстырды. Баяндамашы өзектендіру жұмысы барысында ТДМ ұлттық көрсеткіштері жүйесін қайта қарау критерийлері қолданылғанын атап өтті:
Ыстамбұлдағы БҰҰДБ Аймақтық хабының «Жасыл» экономика және жұмыспен қамту бағдарламасының маманы М.Пелях өз сөзінде аймақтық платформаны әзірлеу бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері, оның ішінде міндеттер мен индикаторлар арасындағы өзара байланысты ескере отырып талдауды айтып берді. Сарапшы ТДМ нысаналы индикаторлары деңгейіндегі қарым-қатынастарды анықтау логикасын түсіндіріп, индикатордың шетелдік тәжірибеде қолданылуына қатысты сұрақтарға біршама түсініктеме берді. Сонымен қатар спикер ТДМ мақсаттары мен индикаторлары арасындағы өзара байланысты да ескеру қажеттігін атап өтті. Ұлттық индикаторлар бойынша талқылау нәтижелерімен таныстырған «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ Хатшылығының директоры Хамбар Б. талқылау нәтижелері бойынша белгіленген тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді өлшейтін ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі қалыптастырылғанын атап өтті. Сонымен бірге, талқылау нәтижесінде бұрын кейінге қалдырылған көрсеткіштер бойынша есептеу әдістері пайда болғаны, нәтижесінде бұл көрсеткіштер жұмысқа қабылданғаны анықталды. Қосымша мәселелер келісілгеннен кейін ұлттық көрсеткіштер тізбесі Үйлестіру кеңесінің қарауына ұсынылады.
Қарау саны: 599 |
|
|