Өңірлің теңсіздік туралы 30 қорытынды
21.02.2024
№29 қорытынды – Денсаулық сапасы мен экологиялық қауіпсіздіктің өмір сапасына әсері туралы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде, көрсеткіштер арасындағы корреляциялық байланыстар зерттелді. Қазақстанда әл-ауқатты зерттеуде негізгі факторлар субъективтік әл-ауқат, материалдық жағдайлар және өмір сапасы болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша денсаулық сақтау және экология саласындағы өмір сапасының көрсеткіштері: денсаулық жағдайы, қоршаған орта сапасы, экологиялық ұйымдарға деген сенім деңгейі, ауа ластануының жоғары деңгейі арасындағы маңызды корреляциялық байланыстар анықталды. Денсаулық сақтау саласындағы бағалау келесіні көрсетті:
Денсаулық сақтау деңгейі мен ауруханалардың қолжетімділігі арасындағы байланысты бағалау кезінде ауруханалардың қолжетімділігі неғұрлым жоғары болса, халықтың медициналық қызмет көрсету деңгейіне қанағаттануы соғұрлым жоғары болатынын көрсететін маңызды корреляциялық байланыс анықталды (r=0,452). Зерттеу барысында экологиялық қауіпсіздік саласындағы маңызды байланыстар атап өтілді:
Өңірлік әл-ауқатты бағалау барысында денсаулық сапасының жасына, балалардың болуына және қаржылық әл-ауқат деңгейіне тәуелділігі анықталды. Денсаулық сапасы - адамның әл-ауқатының кепілі. Экологиялық қауіпсіздікке қатысты ауаның ластану деңгейі неғұрлым төмен болса және экологиялық ұйымдарға деген сенім неғұрлым жоғары болса, қоршаған ортаның сапасына қанағаттану соғұрлым жоғары болады, демек, экологиялық қауіпсіздік жағынан халықтың әл-ауқаты да жоғары болады. Өңірлік билік тарапынан денсаулық сапасын жақсарту үшін халықтың жасына байланысты скринингтер, халықтың қаржылық өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелерінде қолдау қажет. Өңірлерде экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін экологиялық ұйымдардың қызметін қолдау, ауаның ластану деңгейін, әсіресе индустриялық әлеуеті жоғары және көліктік жүктемемен өңірлерде бақылауда ұстау қажет.
Қарау саны: 648 |
|
|