2024 жылғы қаңтардағы инфляция бойынша қысқаша анықтама
22.02.2024
Елдегі тұтынушылық инфляция он бірінші ай қатарынан төмендеуін жалғастырды және 2022 жылдың ақпанынан бастап ең төменгі деңгейге жетті. 2024 жылғы қаңтарда елдегі инфляция құрады:
Жылдық мәнде:
Инфляция динамикасына дәстүрлі түрде азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосты - 36,1% (яғни, 9,5% жалпы инфляциядан 3,4% азық-түлік тауарларына тиесілі). Алайда, азық-түлік тауарларының үлесі ең жоғары болған 2022 жылғы сәуір мен мамырмен салыстырғанда, олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы үлесі 18,9 т.т. 55%-тен 36,1%-ке дейін төмендеді. Өткен жылдың ақпан айынан бастап төмендеу 15,3 т.т. құрады, бұл ретте, өткен аймен салыстырғанда азық-түлік тауарларының үлесі 0,2 т.т. азайды. Азық-түлік емес тауарлардың үлесі маусым айында 32%-тен 26,8%-ке дейін төмендеді. Ақылы қызметтер үлесіне инфляцияның 37,0%-і тиесілі, бұл желтоқсан айынан 0,8 т.т. артық және соңғы жылдардағы ең жоғары болып табылады. Өткен жылдың желтоқсан айында ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляциянан 20,2% құрады. Азық-түлік тауарларының ішінде келесілердің ең көп қымбаттауы байқалды:
Бағаның жылдық төмендеуі пиязға – 26,4%-ке, қарақұмық жармасына – 23,6%-ке, күнбағыс майына – 19,8%-ке, құм шекерге - 15,5%-ке тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең көп өсуі жеке пайдаланылатын тауарларға, жиһаз бен тұрмыстық заттарға – 11,8%-ке, киім мен аяқ киімге – 11,1%-ке, фармацевтикалық өнімге - 11,7%-ке, ыдыс-аяққа - 10,6%-ке, құрылыс материалдарына - 7,3%-ке тиесілі болды. Дизель отыны 14,3%-ке, бензин 13,6%-ке, сұйытылған газ 13,5%-ке өсті. Ақылы қызметтер саласында кешенді демалыс ұйымдарының қызметтерінің бағасы 16%-ке, шипажайлардың қызметтері – 16,1%-ке, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 13,6%-ке, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері - 13,6%-ке, денсаулық сақтау - 13,2%-ке, білім беру қызметтері - 10,2%-ке, қоғамдық тамақтану - 7,9%-ке көтерілді. Теміржол жолаушылар көлігінің қызметі 10,7%-ке, әуе көлігі 9,2%-ке, такси 10,1%-ке қымбаттады. Қоқыс шығару тарифтері 29,6%-ке, су бұру – 28,6%-ке, орталық жылыту – 26,7%-ке, ыстық су - 23,2%-ке, суық су - 21,9%-ке, электр энергиясы - 20,7%-ке, тұрғын үйді күтіп ұстау үшін төлем - 7,8%-ке өсті. Осылайша, ТКШ қызметтері 13,8%-ке қымбаттады. Жалпы, өткен жылдың жоғары базасында инфляцияның одан әрі баяулауы байқалады. Алайда, ақылы қызметтердің инфляциясы үдеуін жалғастырып, жалпы инфляциядағы үлесін арттырып келеді.
Қарау саны: 669 |
|
|