Көрсеткіш "Жалғыз мүйізді компанияны бағалау"
26.02.2024
Білім экономикасы бойынша бағытты ашуды жалғастыра отырып, «Жалғыз мүйізді компанияны бағалау» көрсеткішіне толығырақ тоқталайық. Бұл көрсеткіш алғаш рет "Жаңа бизнестің тығыздығы" көрсеткішінің орнына 2023 жылғы Жаһандық инновациялар индексіне (Global Innovation Index, WIPO) енгізілді. Ол елдегі барлық жалғыз мүйіздер компаниясының жалпы құнын ЖІӨ пайызымен сипаттайды. Жалғыз мүйіз компания - бұл бағаласы 1 миллиард АҚШ долларынан асатын жеке компания. Мұндай компаниялар көбінесе қарқынды дамуды көрсетеді және инновациялық қызметті дамыту үшін өте маңызды, өйткені дәстүрлі салаларды түбегейлі өзгертеді және, техникалық тәжірибенің артықшылықтарын пайдаланып, нарықтық ұсыныс үшін әдеттегі шешімдерден ерекшеленетін жаңа шешімдер әзірлейді. Көрсеткішті қалыптастыру үшін негізгі ақпарат көздері:
2023 жылғы рейтингте 2023 жылғы деректердің ескерілгенін атап өткен жөн. GII-2023 шеңберінде "Жалғыз мүйізді бағалау" көрсеткіші бойынша 132 елден жалғыз мүйіз компаниялар жұмыс істейтін 47-і ғана бағаланды. Жалғыз мүйіз компаниялар жоқ рейтингтің 85 қатысушы елі тиісінше 48-орында жайғасты. Қазақстан да аутсайдерлер тізіміне енді. GII де жалғыз мүйіздердің жиынтық құны ЖІӨ бойынша ауқымдалады. Осылайша, рейтингте Эстония, Израиль, Литва, Сенегал, АҚШ көш бастап тұр. Осы бес ірі жалғыз мүйіз орталықтан кейін Гонконг, Қытай (6-орын), Ұлыбритания (7-орын), Сингапур (8-орын), Үндістан (9-орын) және Финляндия (10-орын). Экономиканың даму деңгейін оның жалғыз мүйіз компанияларының жиынтық құнымен салыстыру ол даму деңгейімен салыстырғанда анағұрлым тиімді ме екенін көрсетеді. Бұл ретте, мәні бойынша Эстония басқа елдерден әлдеқайда озды. «Bolt» (мобильді қосымша және көлік құралдарын жалға беру арқылы такси қызметтері) және «Veriff» (Онлайн-бизнеске арналған алаяқтардан қорғауға арналған бағдарламалық жасақтама) екі ұлттық компанияның жалпы құны елдің ЖІӨ-нен 23% астамын құрайды. Сенегал – бұл тізімдегі жалғыз Африка елі: оның "Wave" (FinTech) компаниясының құны ЖІӨ-нен 5,7%-ті құрайды. Халықтың жартысынан көбі банк шотынсыз континентте компания миллиондаған африкалықтарға жинақтау, аударымдар және несиелер сияқты қаржы құралдарына арзан қол жеткізуге (комиссиясыз қызмет көрсетуге) мүмкіндік жасайды. CBInsights компания трекеріне сәйкес 2023 жылғы сәуірдегі жағдай бойынша дүниежүзі бойынша 50 түрлі елде орналасқан 1206 жалғыз мүйіз болды. Бұл ретте, әлемдегі барлық жалғыз мүйіздердің 80%-і бес елде орналасқан, атап айтқанда АҚШ (54%), Қытай (14%), Үндістан (6%), Ұлыбритания (4%) және Германия (2%). Жалғыз мүйіздердің 3,8 трлн АҚШ долларын құрайды жалпы бағалаудан 2023 жылы АҚШ-тың жалғыз мүйіздері 2 трлн АҚШ долларын құрайды, одан кейін Қытай – 736 миллиард АҚШ доллары және Үндістан – 193 миллиард АҚШ доллары. Шығу тегі бойынша ең құнды 25 жалғыз мүйіз компаниялардың ішінде Қытай "ByteDance" (жасанды зият), "SHEIN" (3-орын, электрондық коммерция) және "Xiaohongshu" (12-орын, электрондық коммерция) компанияларымен 1-орында тұр. Одан кейін "SpaceX" (2-орын, ғарыш және телекоммуникация), "Stripe" (4-орын, финтех) және "Epic Games" (7-орын, бейне ойындар) компанияларымен АҚШ тұр. Австралияда "Canva" (5-орын, графикалық дизайн және бағдарламалық жасақтама), ал Индонезияда "J&T Express" (13-орын, логистика және жеткізу) жұмыс істейді. Жалғыз мүйіз компаниялардың қарқынды дамуы жағдайында технологиялық саланың нақты сегменттері ерекше көзге түседі. Бүгінгі таңда жоғары технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуге, сондай-ақ AI және деректермен жұмыс істеуге бағытталған стартаптарға басты назар аударылады. Жалғыз мүйіздер санатына кіру беделді болып табылады, өйткені бұл стартаптың нарыққа серпінді технологияны ұсына алатынын, мақсатты анық көре алатынын, сондай-ақ өз идеяларын венчурлық және жеке инвесторларға жеткізудің тиімді әдісін тануды білдіреді.
Қарау саны: 730 |
|
|