Институтының қызметкерлері Астана Электротехникалық Зауытына барды

26.02.2024

Экскурсия барысында АЭТЗ негізін қалаушы және бас директоры Асқар Сыздықов ERI өкілдерін кәсіпорынның негізгі өндірістік процестерімен таныстырды: металды пішу, ию, дәнекерлеу және сырлау, жобалау, құрастыру, электротехникалық жабдықты сынау, дайын өнімді жөнелту.


Анықтама үшін, «Астана Электротехникалық Зауыты» ЖШС электротехникалық өнімдерді – толық трансформаторлық қосалқы станцияларды, тарату құрылғыларын, күштік және өлшеу трансформаторларын, коммутациялық аппараттарды, КРУ шкафтарын және басқа да электр жабдықтарын шығаруға, сатуға және орнатуға маманданған. Бұдан басқа, жаңа бағыттар бойынша әзірлемелер жүргізілуде (ауыл шаруашылығы машина жасау). Кәсіпорын Қазақстанның ішкі нарығына бағдарланған, қарқынды дамып келеді. 200-ге жуық қызметкер.

Экскурсия аяқталғаннан кейін қабылдаушы тарап дөңгелек үстел ұйымдастырды, оның барысында қатысушылар зауыттың тарихы, оның негізгі көрсеткіштері және басқа да қызықтыратын мәселелер туралы толығырақ біле алды.


ERI Басқарма төрағасының орынбасары Қайсар Нығметов Институт жұмысының негізгі бағыттары мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынды: «Институт әзірленіп жатқан бағдарламаларды нақты жағдайлармен келісу үшін бизнеспен тікелей ашық диалогқа мүдделі. Кәсіпорындарды мемлекеттің экономикалық саясаты бойынша өз ұсыныстарын, ескертулерін енгізуге шақырамыз, белгілі бір бастамаларды объективті сараптамалық талқылау алаңын ұсынуға дайынбыз. Нақты сектормен тиімді кері байланыс орнату, әсіресе 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есеге арттырудың өршіл мақсатын ескере отырып, уақтылы».


Асқар Сыздықов ERI сарапшыларының мемлекеттік қолдау шараларын, атап айтқанда, жаңа өндірісті ашуға арналған несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау тәжірибесі туралы көптеген сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ машина жасау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша кейбір ұсыныстарымен бөлісті: «Өнеркәсіптік стартаптарды салықтан толығымен босатқан жөн-инвестор, ең алдымен, ұлттық, өзі келеді. Бұл ірі кәсіпорындар немесе басқа операторлар үйлестіретін жоғары мамандандырылған шағын өндірістер болуы мүмкін. Бұдан басқа, қолданылатын материалдар мен жұмыстардың құны бойынша ғана емес, қайта өңдеу дәрежесі бойынша қазақстандық қамтуды бағалауға көшу өте маңызды».

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара консультациялар мен ақпарат алмасуды жалғастыруға келісті.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, АЭТЗ басшылығына нақты өндіріспен танысуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз және кәсіпорын мен ұжымға одан әрі табысты дамуды және барлық мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз!


Қарау саны: 685
Сақталған: 26.02.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!