Өңірлік бизнес-тыйымдар
01.03.2024
Табиғат аясында жаппай демалудың ең танымал түрлерінің бірі рекреациялық балық аулау болып табылады. Демалыстың бұл түрі спорттық және эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру, спорттық жарыстар өткізу мақсатында, сондай-ақ ауланған өнімді жеке тұтыну үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды білдіреді. Қазақстанда рекреациялық балық аулау бекітілген және бекітілмеген балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, 5 кг дейін әуесқой балық аулау тегін, ал 5 кг астам балық аулау ақылы негізде және ЖАО берген рұқсат негізінде жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдар су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын да белгілейді. Осылайша, Ақмола облысында 8 аймақ, Шығыс Қазақстан облысында 28 аймақ, Атырау облысында 84 аймақ бөлінген. Алайда, аймақтар картографиялық бетте көрсетілмеген, осыған байланысты картадағы объектілердің орналасуының нақты белгілері түсініксіз болып қалады. Мысплы, Ақжар ауылының солтүстік шетінен N47°15.082' E051°55.375' координаттарымен Ақсай ауылдық округінде N47°12.840' 051°55.900' координаттарымен «Бугорки» учаскесін табу оңай бола ма екен? Бұл кедергіні болдырмау үшін бұл координаттарды карта бетінде сызба түрінде бейнелеу қажет, бұл жеке және заңды тұлғалардың рекреациялық балық аулау орындарын түсінуін және табуын жеңілдетеді. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінсіз балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа түрлерін жүзеге асыру қағидаларын бұзған жағдайда, жеке тұлғаларға 10 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Жалпы алғанда, Қазақстанда рекреациялық балық аулау одан әрі даму үшін зор әлеуетке ие. Балық аулауға рұқсатты ресімдеу үшін уақытша шығындарды қысқарту мақсатында 2024 жылғы 3 ақпаннан бастап әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жолдама беру электрондық түрде жүргізілетін болады.
Қарау саны: 620 |
|
|