Инвестициялар - Қаңтар 2024

01.03.2024

2024 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 790,8 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда небәрі 0,6%-ке өсімді көрсетті.
 
Өсімнің баяулауына ықпал ететін негізгі фактор өнеркәсіпке, атап айтқанда тау-кен өнеркәсібінде және құлдырау 13,2%-ке жеткен карьерлерді игеруге инвестицияларды 7,4%-ке қысқарту болып табылады. Бұл шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге салынған инвестициялардың 270,7 млрд теңгеден 224,9 млрд теңгеге дейін төмендеуіне және көмір өндіруге салынатын капитал салымдарының 8,9 млрд теңгеден 4,7 млрд теңгеге дейін екі есеге қысқаруына байланысты.

 

Сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға инвестициялардың 17,5%-ке - 163,1 млрд теңгеден 144,1 млрд теңгеге дейін төмендеуі байқалды.

Осыған қарамастан, кейбір салалар инвестициялардың едәуір өсімін көрсетті. Мәселен, "Көлік және қоймалау" секторында инвестициялар 2,1 есеге 122,8 млрд теңгеге дейін, қаржы және сақтандыру қызметінде 2,9 есеге 10,3 млрд теңгеге дейін, ал білім беруде 3,6 есеге 10,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Өңірлік талдау инвестициялардың біркелкі емес өсімін көрсетті. Өсу қарқыны бойынша 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда инвестициялардың екі еселенуімен Жетісу облысы, Ұлытау облысы 52%, Жамбыл облысы 40%, Алматы облысы 34%, Қызылорда облысы 32% және Түркістан облысы 30% өсіммен жетекші өңірлер болды. Сонымен қатар, 6 өңірде, атап айтқанда, Ақмола облысында 43,4%-ке, Ақтөбе облысында 38,3%-ке, Солтүстік Қазақстан облысында 20%-ке, Атырау облысында 19,9%-ке, Абай облысында 14,6%-ке және Батыс Қазақстан облысында 9%-ке инвестициялардың төмендеуі байқалды.




Қарау саны: 632
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!