Аймақтық саясаттың басымдықтары
06.03.2024
Қуып жетуші аймақтарды қолдау немесе агломерацияны дамытуды ынталандыру? ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан: ….« Аймақтық саясат-бұл үлкен қалаларда да, шағын ауылдарда да адамдардың жайлы өмірі». «Барлық мемлекеттік стратегиялар, үкіметтік және аймақтық бағдарламалар, салалық жоспарлар мен нақты шешімдер азаматтардың өмірін жақсартуы керек» Соңғы 15 жылда Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 еседен астам өсті, алайда осы экономикалық өсіммен байланысты қосымша байлық өңірлердің шектеулі санында шоғырланды. Соңғы жылдары жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша өңір көшбасшы мен аутсайдер өңірі арасындағы алшақтық 17%-ке қысқарғанына қарамастан, бұл ретте Қазақстан өңірлерінің дамуындағы елеулі диспропорциялар сақталуда. Тау-кен өндірісінің болжамды төмендеуі тұрғысынан, өңірлер арасындағы теңсіздік артуы мүмкін. Мысалға, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес 2025 жылдан бастап Маңғыстау және Қызылорда облыстарында мұнай өндірудің біршама төмендеуі байқалуы мүмкін. Берілген өңірлерде табиғи ресурстардың сарқылу үрдістерінің сақталуына байланысты өңірлердің экономикасын одан әрі әртараптандыру, басқа салаларда жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі. Анықтама: Дүниежүзілік Банктің әлемдік даму туралы баяндамасында орнықты әлеуметтік-экономикалық даму мен прогреске мыналарды қамтамасыз ететін аумақтар (елдер, өңірлер) қол жеткізетіні атап өтілген:
Қазақстанның географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, елімізде өңірлердің даму әлеуетін айтарлықтай шектейтін бірқатар шешілмеген проблемалар бар. Географиялық
Әлеуметтік
Экономикалық
Аталған проблемаларды шешу құралдары Қазақстан Республикасының аумақтық даму жоспарында көп жағдайда көрсетілген, алайда өңірлік саясаттың басымдықтарын айқындау кезінде келесі өзекті мәселе болып табылады: біз экономикалық жағынан қуып жететін өңірлерді қолдаймыз ба немесе осы өңірлерден халықтың ірі және экономикалық дамыған агломерацияларға көшуін ынталандырамыз ба? Бұл сұраққа жауап беру үшін жаһандық экономикадағы тенденциялар мен әр өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін бағалау қажет.. Жаһандық экономикадағы үрдістер:
Қазақстан өңірлерінің экономикалық мүмкіндіктері келесідей көрінеді:
Тұтастай алғанда, Қазақстанның әрбір өңірінің одан әрі экономикалық даму әлеуеті жоғары, жаңа «өсу нүктелерін» айқындау неғұрлым егжей-тегжейлі талдауды талап етеді.
Қарау саны: 641 |
|
|