Аймақтық саясаттың басымдықтары

06.03.2024

Қуып жетуші аймақтарды қолдау немесе агломерацияны дамытуды ынталандыру?

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан: ….« Аймақтық саясат-бұл үлкен қалаларда да, шағын ауылдарда да адамдардың жайлы өмірі». «Барлық мемлекеттік стратегиялар, үкіметтік және аймақтық бағдарламалар, салалық жоспарлар мен нақты шешімдер азаматтардың өмірін жақсартуы керек»

Соңғы 15 жылда Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 5 еседен астам өсті, алайда осы экономикалық өсіммен байланысты қосымша байлық өңірлердің шектеулі санында шоғырланды.

Соңғы жылдары жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша өңір көшбасшы мен аутсайдер өңірі арасындағы алшақтық 17%-ке қысқарғанына қарамастан, бұл ретте Қазақстан өңірлерінің дамуындағы елеулі диспропорциялар сақталуда.


Тау-кен өндірісінің болжамды төмендеуі тұрғысынан, өңірлер арасындағы теңсіздік артуы мүмкін. Мысалға, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес 2025 жылдан бастап Маңғыстау және Қызылорда облыстарында мұнай өндірудің біршама төмендеуі байқалуы мүмкін. Берілген өңірлерде табиғи ресурстардың сарқылу үрдістерінің сақталуына байланысты өңірлердің экономикасын одан әрі әртараптандыру, басқа салаларда жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдау талап етіледі.

Анықтама: Дүниежүзілік Банктің әлемдік даму туралы баяндамасында орнықты әлеуметтік-экономикалық даму мен прогреске мыналарды қамтамасыз ететін аумақтар (елдер, өңірлер) қол жеткізетіні атап өтілген:
  • халық тығыздығының артуы (урбанизация, мегаполистердегі халықтың шоғырлануының өсуі);
  • қашықтықты қысқарту (экономикалық өсу орталықтарына жақындау);
  • өңірлік айырмашылықтарды еңсеру (теңсіздікті қысқарту мақсатында өңірлерге қолдау көрсету);
  • кедергілерді еңсеру (кедендік режимдермен, визалық реттеулермен және т.б. аймақтың оқшаулануын азайту).

Қазақстанның географиялық, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, елімізде өңірлердің даму әлеуетін айтарлықтай шектейтін бірқатар шешілмеген проблемалар бар.

Географиялық
  • кең аумақта халықтың тығыздығы өте төмен;
  • өңірлердің ірі әлемдік нарықтардан қашықтығы;

Әлеуметтік
  • бала туудың төмендеуі, қартаю, еңбекке қабілетті халықтың кетуі;
  • өмір сапасының аймақаралық теңсіздігі; 
  • ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейінің қала тұрғындарынан едәуір артта қалуы;

Экономикалық
  • экономикалық өсу орталықтарының жеткіліксіз саны;
  • аймақтар арасындағы төмен көлік байланысы;
  • инфрақұрылымның экономика қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі;
  • төмен технологиялық өндірістердің жоғары үлесі;
  • кәсіпкерлік белсенділіктің төмен деңгейі.

Аталған проблемаларды шешу құралдары Қазақстан Республикасының аумақтық даму жоспарында көп жағдайда көрсетілген, алайда өңірлік саясаттың басымдықтарын айқындау кезінде келесі өзекті мәселе болып табылады: біз экономикалық жағынан қуып жететін өңірлерді қолдаймыз ба немесе осы өңірлерден халықтың ірі және экономикалық дамыған агломерацияларға көшуін ынталандырамыз ба? Бұл сұраққа жауап беру үшін жаһандық экономикадағы тенденциялар мен әр өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін бағалау қажет..

Жаһандық экономикадағы үрдістер: 
  • жаһандану процестерін күшейту, өндіріс факторларының ұтқырлығын арттыру; 
  • ұлттық экономиканы дамыту бойынша жаңа шаралар қабылдауды талап ететін елдердің халықаралық бәсекелестігінің шиеленісуі;
  • экономикалық және қаржылық дағдарыстармен, жұмыссыздықтың өсуімен, әлеуметтік шиеленістің өсуімен қатар жүретін әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуы; 
  • қоғамда инклюзивті және тұрақты даму қағидаттарын тарату.

Қазақстан өңірлерінің экономикалық мүмкіндіктері келесідей көрінеді:
  • металлургиялық кәсіпорындарды жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерде қайта индустрияландыру (ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау);
  • Мұнай химиясын, газ өңдеуді дамыту, шикізатты қайта өңдеуге арналған жабдықтар өндіру (Маңғыстау, БҚО, Ақтөбе, Атырау);
  • ЖЭК, туризм және көліктік-логистикалық жобаларды дамыту (Алматы, Түркістан ,Қызылорда, Жамбыл, Жетісу);
  • АӨК және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту (СҚО, Ақмола, Қостанай, Абай).

Тұтастай алғанда, Қазақстанның әрбір өңірінің одан әрі экономикалық даму әлеуеті жоғары, жаңа «өсу нүктелерін» айқындау неғұрлым егжей-тегжейлі талдауды талап етеді.
 


Қарау саны: 620
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!