Парижде ҰБО жұмысын бағалау нәтижелері ұсынылды

06.03.2024

2024 жылғы 6 наурызда Парижде (Франция) жауапты бизнес жүргізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының (жұмыс тобы) отырысы өтуде. 50-ге жуық елден келген делегаттар осы алаң аясындағы жұмыстар мен талқылауларға қатысуда.

Отырыс барысында қазақстандық ұлттық байланыс орталығының (ҰБО) сараптамалық бағалауының қорытындылары мен нәтижелері таныстырылды.

Қазақстанның Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Мекешұлы Жақсылықов ҰБО қызметі және Қазақстанда ЕҚЫҰ стандарттарын тарату мәселелері бойынша баяндама жасап, жүргізілген бағалау туралы өз әсерлерімен бөлісті.


Қазақстан ҰБО Хатшылығының өкілдері "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (ERI) атынан да осы іс-шараға қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ҰБО сараптамалық бағалауын 2023 жылдың қазан айында ЭЫДҰ Хатшылығы Франция, Оңтүстік Корея және Египет ҰБО өкілдерін тарта отырып жүргізді.

Сараптамалық бағалаудың мақсаты Қазақстандағы ҰБО жұмысының ЕҚЫҰ бойынша көпұлтты кәсіпорындар үшін ЭЫДҰ басшылық қағидаттарының негізгі өлшемдеріне сәйкестігін айқындау (ЭЫДҰ басшылық қағидаттары), сондай-ақ ҰБО тетігін жетілдіру және ЕҚЫҰ стандарттарын неғұрлым кеңінен тарату бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

ЭЫДҰ хатшылығы қазақстандық ҰКО, Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі және оның Хатшылығы ЕҚЫҰ стандарттарын ілгерілетуге және осы тәсілдерді кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатына белсенді енгізуге басымдық беру бойынша күш-жігерін атап өтті.

Сондай-ақ, бағалау қорытындысы бойынша Қазақстанға ЭЫДҰ-ның басшылық қағидаттарының болжамды бұзушылықтары туралы өтініштерді қарау процесіне азаматтық қоғамдастықтың неғұрлым кең тартылуына назар аудару, сондай-ақ ҰБО-ның барлық мүшелерінің консенсусы негізінде шешімдер қабылдау ұсынылды.

Осы отырыстың қорытындысы бойынша ЭЫДҰ ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстандағы ҰБО жұмысының 2024-2025 жылдарға арналған негізгі бағыттары әзірленді, сондай-ақ өтініштерді қарау тетігін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарлар келісілді.

Сондай-ақ, аталған іс-шара барысында Польша, Эстония ҰБО жұмыс істеуін бағалау қорытындылары айтылды. Сонымен қатар, сараптамалық бағалау жүргізу ережелерін өзгерту, алдағы екі жылға арналған ЕҚЫҰ бойынша саяси ландшафтты анықтау, сондай-ақ климаттың өзгеруі және жасанды интеллект саласындағы ЕҚЫҰ мәселелерін талқылау мәселелері талқыланды.

Жұмыс тобы шеңберіндегі талқылаулар келесі күні (ағымдағы жылдың 7 наурызы) жалғасады, онда делагаттар ЕҚЫҰ саласындағы өзекті мәселелерді талқылауды және басқа елдердің ҰБО сараптамалық бағалауларын қарауды жалғастырады.




Қарау саны: 599
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!