Алматы инфрақұрылымы қалай дамып жатыр
21.03.2024
Балабақшалар, мектептер мен емханалар Қаланы одан әрі дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін адами капитал шешуші рөл атқаратыны ешкімге құпия емес. Ал адами капиталды дамыту үшін сапалы білім мен тиісті медициналық қызметтерді қамтамасыз ету қажет. Екі салада да инфрақұрылым құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Соңғы 3 жылда-ақ қалада 13 жаңа мектеп пен 6 балабақша пайдалануға берілді. Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес қаланың жалпы білім беретін мектептермен қамтамасыз етілу деңгейі 2022 жылы 94,5%, балабақшалармен қамтамасыз етілу деңгейі 89,4% құрады. Қала әкімдігінің деректері бойынша келешекте 2025 жылға дейін 10 мың орынға арналған балабақшалардың, сондай-ақ 71 жаңа мектептің қосымша құрылысы көзделетін болады. Білім беру объектілерін салу негізінен тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілетін жерлерде жүзеге асырылатын болады. Денсаулыққа қамқорлық жасау да қаланың басымдығы болып табылады. 2023 жылдың басынан-ақ қалада Әуезов және Жетісу аудандарында 2 ОДА ашылды. Қалада Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес медициналық мекемелермен қамтамасыз етудің едәуір жоғары көрсеткіштері байқалды. Осылайша, ауруханалармен қамтамасыз ету көрсеткіші – 93,6%, дәріханалармен қамтамасыз ету көрсеткіші - 100%. Алайда, Денсаулық сақтау инфрақұрылымында бәрі бірдей жақсы емес. Қалада 30 медициналық мекеме күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл ретте, қосымша 7 медициналық нысан салу қажет. Қала тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың соңына дейін қаланың әртүрлі аудандарында кемінде 17 ОДА салу жоспарлануда. Аталған шаралар 170-190 мың азаматты денсаулық сақтау қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді. Алматылықтар қайда тұрады? қаланың тұрғын үй инфрақұрылымы Адам қажеттілігінің негізгі шарттарының бірі тұрғын үймен қамтамасыз ету екенін бәріміз жақсы білеміз. Статистика деректеріне сәйкес қалада ел өңірлері арасында бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз етудің ең жоғары көрсеткіштерінің бірі – 29,1 ш.м. Қаланың тұрғын үй қорының ауданы 52,2 млн.ш.м. құрайды. Осыған қарамастан, Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес қаланы тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету деңгейі небәрі 48,9% құрайды. Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша айтарлықтай төмен мән тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлердің болуымен және тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың көп болуымен байланысты. Әкімдіктің мәліметтеріне сәйкес қаладағы ескірген және апатты үйлердің саны 1,4 мың бірлікті құрайды. Тұрғын үй инфрақұрылымында одан әрі даму перспективалары тиісті инфрақұрылыммен жаңа тұрғын үй салумен, сондай-ақ қолданыстағы құрылысты жаңғыртумен байланысты болды. Қауіпсіздік бәрінен маңызды! қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жүйесінің жай-күйі Соңғы оқиғаларды ескере отырып, қала халықтың қауіпсіздік жүйесін дамытуға ерекше назар аударуы керек екені белгілі болды. Бағалау нәтижелеріне сәйкес қаланың қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етілуі 2022 жылы 62,1% құрады. Атап айтқанда, Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қамтамасыз етілу көрсеткіші 50,9% құрады. Қалада өртке қарсы қызметтердің қосымша 16 бөлімшесін салу қажет. Сонымен қатар, қалада өртке қарсы қызмет объектілерінің 7%-і апаттық жағдайда тұр. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жағдайы сәл жақсырақ. Осылайша, Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес учаскелік полиция бекеттері объектілерімен қамтамасыз ету деңгейі 65,7% құрайды.
Қарау саны: 537 |
|
|