Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?
25.03.2024
Білім экономикасы тақырыбын жалғастыра отырып, өндіріс пен экспорттың күрделілігін сипаттайтын көрсеткішті қарастырайық. Бұл көрсеткіш жеке Экономикалық күрделілік индексі (The Atlas of Economic Complexity, Growth Lab at Harvard University) болып табылатын Жаһандық инновациялар индексі (Global Innovation Index, WIPO) шеңберінде қаралады. Экономикалық күрделілік индексі (бұдан әрі – ECI рейтингі) елімізде өндірілетін және экспортталатын тауарлардың алуан түрлілігін ескере отырып, экономиканың күрделілігін бағалайды. ECI негізгі тұжырымдамасы мынада: егер елдің экспорттық қоржыны әртүрлі және күрделі болса (яғни, өндірістік ноу-хаудың алуан түрлілігі болса), онда елдің өсуі мен дамуы үшін көбірек мүмкіндіктер бар, өйткені ол өнімдер мен қызметтердің кең түржинағын шығара алады. ECI рейтингі елдің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін, оның ұзақ мерзімді экономикалық даму үшін әлеуетін бағалауға, экономиканың күшті және әлсіз тұстарын анықтауға, сондай-ақ даму мен әртараптандырудың әлеуетті бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретінін атап өту маңызды. 2023 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде (бұдан әрі – ЖИИ) Қазақстан "Өндіріс пен экспорттың күрделілігі" көрсеткіші бойынша (-)0,33 мәнімен 132 ел ішінде 80-орынға ие болды. Ескертпе: ЖИИ 2023-те көрсеткіш бойынша 2020 жылға арналған Экономикалық күрделілік индексінің деректері пайдаланылғанын атап өткен жөн. ЖИИ-2023 нәтижелері бойынша өндіріс пен экспорттың күрделілігі жоғары 5 елдің қатарына Жапония (2,26), Швейцария (2,14), Германия (1,96), Корея (1,95) және Сингапур (1,87) кірді. Рейтингтегі антикөшбасшылар Африка елдері болды: Кот-д'Ивуар (-1,35), Камерун (-1,61), Нигерия (-1,73), Гвинея (-1,91) және Ангола (-2,5). Жекелеген елдердің 2023 жылғы Жаһандық инновациялар индексіндегі "Өндіріс пен экспорттың күрделілігі" көрсеткіші бойынша орындары 2021 жылғы Экономикалық күрделілік индексінде ел 133 елдің ішінде 88-орынға ие болды. 2017-2021 жылдар аралығында Қазақстан 80-орыннан жоғары позицияны иеленбеді және елдің мәні әрқашан теріс болып қала бергенін (2021 жылы - ( - ) 0,47) атап өткен жөн. Алайда, жақсартуларды ұзақ мерзімді кезеңді ескере отырып байқауға болады: соңғы 10 жылда Қазақстанның позициясы ECI рейтингінде 21 тармаққа жақсарды. Ескертпе: 2 рейтинг шеңберіндегі мәндердің алшақтығының себебі - жаңа Экономикалық күрделілік индексін жариялау кезінде алдыңғы кезеңдердегі деректер (позициялар мен мәндер) қайта есептелген болатын. Ұлттық статистика деректері бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 78,7 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9 млрд АҚШ долларына аз. Қазақстанның экспорттық себетінің едәуір бөлігін төмен және орташа күрделі өнімдер құрайды: минералдық тауарлар, атап айтқанда отын-энергетикалық тауарлар (59%) және металдар мен олардан жасалған бұйымдар (12,2%). Экспорттағы негізгі серіктес елдер - Италия (14,8 млрд АҚШ доллары), Қытай (14,7 млрд АҚШ доллары) және Ресей (9,8 млрд АҚШ доллары). Қазақстанда экспорттың тұрақты, негізінен күрделілігі орташа өнімдер есебінен өсуі байқалады. Дегенмен, ағымдағы экспорттық деректерді қарастыра отырып, өнеркәсіптік жабдықтар мен көлік құралдары сияқты жаңа әртараптандыру үшін әлеуеті жоғары секторларды бөлуге болады. Сондықтан инвестицияларды тартуға, жаңа технологияларды әзірлеуге және өндіріс сапасын жақсартуға жағдай жасай отырып, осы салаларды дамытуға инвестиция салуды жалғастыру маңызды болып табылады.
Қарау саны: 517 |
|
|