Өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде реттеушілік әсерді талдау
09.09.2020
Сейсенбі, 8 қыркүйекте ERI бизнес-қоғамдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері үшін өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде реттеушілік әсерді талдау жүргізу практикасы бойынша семинар өткізді.
Семинарға 35-тен астам адам қатысты, олардың ішінде «KazSpor» Денсаулық сақтау технологиясын бағалау, дәлелді медицина және фармаэкономикалық зерттеулер қауымдастығы, Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығы, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы, Қазақстанның бағалаушылар достастығы, «BagalauQazaqstan» ҚБОБ» ӨРҰ БП, «Қазақстан құс өсірушілер одағы» қауымдастығының өкілдері бар. Іс-шара спикерлері ретінде Кәсіби тәуелсіз бағалаушылар палатасының төрайымы М.М. Барнаева, Астаналық кәсіпкерлер палатасының атқарушы директоры Д. М. Ильчук сөз сөйледі. Олар бағалау қызметінде өзін-өзі реттеуді енгізу тәжірибесімен бөлісті.«Сараптамалық ұйымдар палатасы» АСҰКБ төрағасы, Ережепов Б. Б. семинар тыңдаушыларын Сараптамалық ұйымдар палатасының қызметімен және құрылымымен таныстырды, сондай-ақ сараптамалық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарттары туралы айтып берді. Семинардың бірінші бөлімі Қазақстандағы өзін-өзі реттеу институтына арналды. ӨРҰ мақсаттары, қағидаттары айтылды. ӨРҰ ережелері мен стандарттарына, өзін-өзі реттейтін ұйымды құру тәртібіне ерекше назар аударылады. Бағалау қызметіндегі өзін-өзі реттеу Қазақстанда 2017 жылы енгізілгенін атап кеткен жөн, бұл ретте реттеушінің РӘТ-не балама ретінде бизнес-қоғамдастық пен ҰКП РӘТ жүргізді. 2021 жылы реттеуші мемлекеттік орган өзін-өзі реттеуді енгізудің тиімділігін анықтау мақсатында РӘТ рәсімін қайта қарау тәртібімен жүргізуі қажет. Осылайша, бағалау қызметі – «ақылды реттеу» қағидаты бойынша реттеушілік әсерді талдаудың толық кезеңінен өтетін бірінші сала. Семинардың екінші бөлімінде өзін-өзі реттеуді енгізу кезінде реттеушілік әсерді талдау жүргізу рәсіміне назар аударылды. Семинарға қатысушылар ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген РӘТ өткізу және пайдалану қағидаларымен танысқанын атап кетейік. Бұл құжат РӘТ рәсімін өткізу тәртібін, РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізу тәртібін, баламалы РӘТ жүргізу тәртібін бекітеді.
Қарау саны: 6457 |
|
|