Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?

03.04.2024

Біз толық қарастыратын «Шығармашылық тауарлар мен қызметтер» бағыты шеңберіндегі келесі көрсеткіш – «Мобильді қосымшаларды құру». 

Бұл көрсеткіш Жаһандық инновациялар индексі (Global Innovation Index, WBP) шеңберінде СҚП бойынша ЖІӨ-ге миллиардтаған АҚШ долларына мобильді қосымшаларды жаһандық жүктеу ретінде ұсынылған.

Анықтамалық: 
Мобильді қосымшалардың ғаламдық жүктемелері әзірлеушінің/фирманың штаб-пәтері шыққан жері бойынша СҚП бойынша ЖІӨ-ге масштабта (екі жылдағы орташа мән) бөліністе ескеріледі. 

Ғаламдық жүктеулерді жалпыға қолжетімді деректер көздері және әр елдегі Google Play Store мен iOS App Store деректеріне негізделген компанияның өзіндік болжамды моделі data.ia жасайды. 

Көрсеткішті қалыптастыру үшін негізгі ақпарат көздері:
  • data.ia (бұрын App Annie) (www.data.ai/en/);
  • Халықаралық валюта қорының дерекқоры (www.imf.org/en/Publications/WEO/weo-database/2022/October). 

Айта кету керек, 2023 жылғы рейтингте 2022 жылғы деректер ескерілген.
Қазақстан GII-2023 деректері бойынша «Мобильді қосымшалар жасау» көрсеткіші бойынша СҚП бойынша ЖІӨ-ге 65,3 мәні бар 124 елдің арасында 63-орында болды (млрд. АҚШ долл.) . Осы ретте соңғы 5 жылда елдің ұстанымы мен мәні оң серпінді көрсетіп отыр.


СҚП бойынша ЖІӨ-ге мобильді қосымшаларды жүктеу бойынша ең жоғары мәндер Кипрде (100), Беларусьте (88,4), Израильде (87,2), Сингапурда (85,5) және Гонконгта (85,4), ең төменгі мәндер Никарагуада (26,1), Гвинеяда (25,6), Ботсванада (13,5), Мозамбикте (4,6) және Мадагаскарда (0) белгіленді. 

data.ai деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2024 жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша мобильді құрылғылардағы ең танымал 10 қосымша мен ойынның қатарына «Instagram», «WhatsApp Messenger», «Telegram», «TikTok», Kaspi.kz», «Brawl Stars», «Build A Queen», «My Earthquake Alerts & Feed», «Halyk Homebank» және «Yandex.Maps» кірді.

Анықтамалық: 
dota.ai – бұл саладағы әлемдік көшбасшылар сүйенетін мобильді әлемдегі тенденциялар туралы тұтынушылық деректер мен нарықтық бағалауды біріктіретін ЖИ негізіндегі бірінші бірыңғай платформа.

Танымалдықтың максималды өсуі (297-ден 337 баллға дейін) келесі қосымшалар мен ойындарға ие болды: «Детский мир», «Evony», «Traffic Driving Car Simulator», «Matreshka RP» және «Mama's Run: Bad or Good Mom».

Үздік 100 қосымшалар мен ойындар тізіміне «MonAmie.kz» (51-орын), «Left or Right: Women Fashions» (64-орын), «Shape Transform: Shifting Car» (78-орын), «Золотое Яблоко» (81-орын) және «Grand Mobile» (91-орын) кірді.

Компания data.ai-де жыл сайын баспагерлер мен қосымшалардың рейтингін шығарады. 2012 жылдан бастап «Top Publisher Awards» түсімге байланысты бүкіл әлемдегі жетекші мобильді баспагерлерге беріледі. 2024 жылы мобильді құрылғылардың өнімділігіне негізделген жаңа көрсеткішті қалыптастыру бойынша инновациялар енгізілді. Ол үшін алдыңғы жылмен салыстырғанда табыс мобильді құрылғылардың жалпы өнімділігі бойынша: жүктеулер, кірістер, қатысу және өсу, сонымен қатар жетекші компаниялармен бірге ең жақсы қосымшаларды белгілеу бойынша бағаланады. Марапаттарға сыныптағы ең жақсы жаһандық және аймақтық санаттар кіреді: ойындар, стриминг, спорт, қаржы, шопинг, ойын-сауық, денсаулық пен фитнес және т.б.

Сонымен «Top Publisher Awards 2024» рейтингіне сәйкес, дүние жүзіндегі ең үздік 50 баспада тұтыну шығындары бойынша Қытайдан «Tencent» және «ByteDance» тиісінше жылдық тұтыну шығындары 8,67 және 5,05 миллиард АҚШ долларымен, АҚШ-тан «Google» және «Activision Blizzard» тиісінше 4,30 және 3,26 миллиард АҚШ долларымен, сондай-ақ Ирландиядан келген «Playrix» 2,85 миллиард АҚШ долларымен көш бастап тұр.

2021 жылы қосымшалар дүкендерінде жүктеулердің, сондай-ақ пайдалану мен тұтынушылық шығындардың өсуіне байланысты мобильді технологияны енгізу қарқынды дамыды: 232 миллиардтан астам жүктеу, 168 миллиард АҚШ доллары тұтыну шығындары және бүкіл әлем бойынша 3,9 триллион сағат пайдалану.
 
2021 жылы 295 миллиардтан астам, ал 2022 жылы шамамен 350 миллиард АҚШ долларын құрайтын қаржы мобильді жарнамаға ағылды.
Осы тенденцияларды ескере отырып, data.ai арқылы мобильді және цифрлық өнімділікті уақтылы талдау, бағалау және оңтайландыру, сондай-ақ мобильді қосымшалар саласындағы білімді кеңейту ерекше өзекті болып тұр.

Бұл өз кезегінде брендтерге, баспагерлерге және инвесторларға мобильді және цифрлық экожүйеде табысқа жету стратегияларын жасауға, соның ішінде инвестициялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.




Қарау саны: 475
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!