Өңірлік бизнеске тыйымдар
05.04.2024
Ауылшаруашылық мал өсіруді және көбейтуді жоспарлап жүрсеңіз, онда сізге қолданыстағы заңнамада қарастырылған оларды күтіп-ұстау тәртібі туралы білу пайдалы болар. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдарға елді-мекендерде жануарларды күтіп-ұстау тәртібін айқындау бойынша өкілеттіктер берілген, оларды сақтамау, өз кезегінде, мұндай сақтамауға жол берген адамдарның әкімшілік жауапкершілікке тартылуына әкеп соғады. Аталған қағидалар Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында бекітілген. Жалпы алғанда, Елді-мекендерде жануарларды күтіп-ұстаудың қолданыстағы қағидаларына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын асырайтын кәсіпкерлік субъектілері ветеринария саласындағы талаптарды сақтауға міндетті, атап айтқанда:
Бұл ретте, қойылатын талаптар түсінікті, қолжетімді нысанда көрсетілмегені, кәсіпкерлік субъектілерінің талаптарды орындамауы бойынша тәуекел туғызатын екі жақты түсіндіруге мүмкіндік беретіні анық. Мәселен, "уақтылы" болып табылатын нақты мерзімдер белгіленбеген, жануарларды күтіп-ұстауға қандай нақты үй-жайлар және (немесе) учаскелер рұқсат етілетіні және қандай қауіпсіз қашықтықта екені белгісіз. Осыған байланысты осы Қағидаларды тиімді орындау үшін олардың нақтылануын қамтамасыз ету маңызды, сондай-ақ еліміздің барлық халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 11 өңірде аталған қағидалардың қабылдануын қамтамасыз ету қажет.
Қарау саны: 431 |
|
|