Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады?

08.04.2024

Бүгін біз креативті тауарлар мен қызметтер туралы, атап айтқанда «GitHub-тағы фиксациялар» көрсеткіші туралы сөйлесуді жалғастырамыз.

Бұл көрсеткіш 2022 жылдан бастап Жаһандық инновациялық индексте (бұдан әрі – ЖИИ) ұсынылған және GitHub платформасында қандай да бір елдің әзірлеушілерінің, орысша айтқанда «разработчиктердің» белсенділігін бағалайды.

Анықтама: GitHub – бағдарламалық кодты сақтауға және бірлесіп әзірлеуге арналған танымал платформа. Әзірлеушілер бұл платформаны жобалармен бірлесіп жұмыс істеу, кодты бөлісу және нұсқаларды басқару үшін пайдаланады.

Көрсеткіш 15 пен 69 жас аралығындағы миллион адамға кодтағы фиксациялар немесе өзгерістер санымен өлшенеді (мысалы, қателерді түзету, жаңа функцияны қосу).

ЖИИ-2023 нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан 132 ел арасында 82 орыннан 70 орынға көтерілді. Көрсеткіштің мәні де 2,2-ден 5,7 баллға дейін өсті.

Анықтама: «GitHub-тағы фиксациялар» көрсеткішінің мәні (фиксациялары) неғұрлым жоғары болса, елдегі әзірлеушілердің белсенділігі соғұрлым жоғары болады.

Айта кету керек, бұл көрсеткіш әзірлеушілердің белсенділігінің бір бөлігін ғана ескереді, өйткені ол тек кодтағы көпшілікке қол жетімді фиксацияларды қарастырады (жеке және анонимді фиксацияларды қоспағанда). Мәселен, ЖИИ-2023 позицияларын есептеу үшін Github-тың 2022 жылғы деректері пайдаланылды, онда Қазақстанда тіркелген жария фиксациялар саны 335 167 бірлікті құрады.


Ең жоғарғы мәні 100 балл және тиісінше көшбасшы 1-ші орынды бір мезгілде 3 ел алады: Гонконг (18 874 723,8 бірлік),Сингапур (10 547 466,6 бірлік) және Швейцария (5 839 726,5 бірлік). Сонымен, Швейцария 3-тен 1-ге көтерілу арқылы айтарлықтай жақсаруды көрсетті, ал Гонконг пен Сингапур көшбасшылықты сақтап қалды.

Жалпы, GitHub платформасын әзірлеушілер өз жобаларымен бөлісе алатын, басқа біреудің жобаларына үлес қоса алатын және басқа әзірлеушілермен өзара әрекеттесе алатын «әлеуметтік желі» түрі ретінде қарастыруға болады.

Сонымен қатар, GitHub әзірлеушілерге өздерінің кәсіби дағдылары мен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Платформа әлеуетті жұмыс берушілер үшін портфолио ретінде белсенді қолданылады. Әзірлеушілер өздерінің жеке жобаларын да, командада жасалған жобаларды да жүктей алады, бұл олардың бағдарламалау және күрделі мәселелерді шешу қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
 
Қазіргі уақытта Github-та Қазақстаннан 9 663 пайдаланушы тіркелген. Статистикаға сәйкес, IT саласындағы қызметтер көлемі жетінші жыл қатарынан тұрақты өсуде (жыл сайын орта есеппен 35,7% - ға). Атап айтқанда, қызметтердің жартысынан астамы (2023 жылғы 9 айда 278,8 млрд теңге, осыған ұқсас кезеңдегі 2022 жылғы 129,5 млрд теңгеге қарсы) бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында көрсетілді, оған сәйкес бағдарламалау тілі бар кодтар жазу кіреді.

Жалпы Қазақстанда цифрлық индустрия белсенді дамып келеді. Жыл сайын технопарктер, инкубаторлар мен акселераторлар, жұмыс істеп тұрған ақпараттық-технологиялық компаниялар қолдайтын ақпараттық-технологиялық стартаптардың саны артып келеді.

Маңызды инновациялық экожүйелердің бірі Astana Hub технопаркі  болып табылады, ол инновациялар мен технологиялық дамуды ынталандырады, сондай-ақ жаңа IT-мамандарды даярлауды жандандырады. Нәтижесінде, ол Қазақстан халқының технологиялық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді, бұл елді халықаралық деңгейде ақпараттық технологиялар саласында бәсекеге қабілетті етеді.




Қарау саны: 456
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!