Қазақстанның 2023 жылғы мемлекеттік бюджетінің шығындары
09.04.2024
Қазақстанның 2023 жылғы мемлекеттік бюджетінің шығындары 2022 жылмен салыстырғанда 24,0%-ке ұлғайып, 28,0 трлн теңгеге жетті. Шығындар (қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты) 2023 жылы мемлекеттік бюджеттің барлық шығындарының 95,7% алады. Олар 2022 жылмен салыстырғанда 24,3%-ке ұлғайып, 26,8 трлн теңгеге жетті. Шығындар құрылымында ең көп үлес білім беруге – 21,7%, әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға – 19,7%, ал ең аз үлес өнеркәсіпке, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне – 0,4%, отын-энергетика кешеніне және жер қойнауын пайдалануға – 1,3% тиесілі. Бюджеттік кредиттер (бюджеттен қайтарымды, шұғыл және ақылы негізде бөлінетін ақша) 2023 жылы мемлекеттік бюджеттің барлық шығындарының 2,5% құрайды. Олар 2022 жылмен салыстырғанда 4,0%-ке 712,4 млрд теңгеге дейін азайды. Қаржы активтерін сатып алу (заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестері мен бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алуға бағытталатын бюджет қаражаты) 2023 жылы мемлекеттік бюджеттің барлық шығындарының 1,8% алады. Олар 2022 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге 503,4 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Қарыздарды өтеу (ішкі және сыртқы қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бағытталатын бюджет қаражаты) 2023 жылы нөлдік болды.
Қарау саны: 457 |
|
|