2023 жылғы Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

09.04.2024

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2023 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің құрылымында 0,7%-ті (2022 жылға 1,2%) алды. 2022 жылмен салыстырғанда олар 2023 жылы 24,1%-ке 182,1 млрд теңгеге дейін азайды (2022 жылы 240,0 млрд теңге). 

Төмендеу Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудың айтарлықтай төмендеуі есебінен болды (9,5 есе).

2023 жылға арналған Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер құрылымында:
  • мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату ең үлкен үлесті алды – 80,2% (2022 жылы 83,4%);
  • жер және материалдық емес активтерді сату бестен бір бөлігін құрады – 19,4% (2022 жылы 13,7%);
  • Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сату ең аз үлесті алды – 0,4% (2022 жылы 2,9%).


Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің құрылымында 2023 жылы негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1,3%-ін құрады (2022 жылы 2,1%). 
  • 2022 жылмен салыстырғанда олар 2023 жылы 22,2%-ке 181,4 млрд теңгеге дейін төмендеді (2022 жылы 233,0 млрд теңге). 
  • 2023 жылы негізгі капиталды сатудан түскен ең көп түсімдер Алматы қаласында – 13,6% (2022 жылы 15,6%), Шымкент қаласында – 13,4% (2022 жылы 10,0%) және Түркістан облысында – 10,8% (2022 жылы 16,5%) жиналды, мұндай түсімдердің ең азы Ұлытау облысына тиесілі – 0,5% (2022 жылы 0,2%). 



Қарау саны: 419
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!