2024 жылғы наурыз айындағы инфляция бойынша қысқаша анықтама

11.04.2024

Елдегі тұтынушылық инфляция төмендеуін он үш ай қатарынан жалғастырды және 2022 жылдың ақпан айынан бастап ең төменгі деңгейде орналасқан. Бұл ретте қызмет көрсетулердің инфляциясы жеделдеді және 7 айлық ең жоғары деңгейге жетті.

2024 жылдың наурыз айында елдегі инфляция құрады:
  • 9,1% өткен жылдың наурызына қатысты (9,3% ақпан айында); 
  • 0,7% ағымдағы жылдың ақпан айына қатысты (1,1% ақпан айында). 

Жылдық мәнде бағалар:
  • азық-түлік тауарлары 6,9%-ке өсті (0,6% а.ж. ақпан айында);
  • азық-түлік емес тауарлар 8,2%-ке (0,5%); 
  • ақылы қызметтер 13,2%-ке қымбаттады (0,1%). 

Ақылы қызметтер инфляция динамикасына негізгі үлес қосады – 41,5% (яғни, жалпы инфляцияның 9,1%-нен 3,8%-і ақылы қызметтерге тиесілі), бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылдың наурыз айында ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляцияның 22,8%-ін құрады.

Дәстүрлі түрде ең көп үлес қосқан азық-түлік тауарларының үлесі 31,7% құрады. 2022 жылғы сәуір мен мамыр айларымен салыстырғанда, азық-түлік тауарларының үлесі барынша жоғары болған кезде олардың инфляцияның жалпы динамикасындағы үлесі 55%-тен 31,7%-ке дейін 23,3 п.т. төмендеді. Өткен жылдың наурыз айынан бастап төмендеу 15,6 п.т. құрады. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда азық-түлік тауарларының үлесі 0,6 п. т. азайды.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі өткен жылдың маусым айында 32%-тен 26,7%-ке дейін төмендеді.


Азық-түлік тауарларының ішінде ең көп қымбаттауы байқалады:
  • күрішке – 22,7%-ке;
  • жұмыртқаға – 19%-ке;
  • жаңа піскен жемістерге – 17,9%-ке;
  • минералды суға – 17%-ке;
  • алкоголь және темекі өнімдеріне – 14,2%-ке;
  • сары майға – 11,6%-ке;
  • пастерленген сүтке – 10,8%-ке;
  • тоқаш және ұн өнімдеріне – 10,2%-ке;
  • айранға – 10,1%-ке.

Бағаның жылдық төмендеуі пиязға - 45%–ке, қарақұмыққа – 25,1%-ке, күнбағыс майына – 24,6%-ке, картопқа – 10,9%-ке және құм-шекерге - 10,1%-ке тіркелді.

Азық–түлік емес тауарлар тобында бағаның ең үлкен өсімі отандық құрастырылған жеңіл автомобильдерге – 16,8%, фармацевтикалық өнімдерге – 11,3%, жиһаз бен тұрмыстық күнделікті заттарға – 11,2%, киім мен аяқ киімге – 10,9%, жеке пайдаланылатын тауарларға – 9,9%, ыдыс-аяққа -7,5%, құрылыс материалдарына-6,6% келді. Дизель отыны 15,1%–ке, бензин - 13,6%–ке, баллондардағы сұйытылған газ - 13%-ке өскенін көрсетті.

Ақылы қызметтер саласында санаторийлер қызметтері 15,1%–ке, кешенді демалыс ұйымдары – 13,6%–ке, денсаулық сақтау қызметтері – 12,7%–ке, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер - 12,6%-ке, ұялы байланыс - 12,4%-ке, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері - 11,6%-ке бағалар өсті. Әуе жолаушылар көлігімен жол жүру 16,8%–ке, таксимен – 12,3%–ке, қалалық автобуспен – 9,3%-ке, қалааралық автобуспен - 6,7%-ке, теміржол жолаушылар көлігімен - 5%-ке қымбаттады.

Су бұруға 42%–ке, суық су – 36,5%–ке, орталық жылыту – 33,2%–ке, ыстық су - 31,9%-ке, қоқыс шығару - 30,7%-ке, электр энергиясы - 26,1%-ке тарифтер көтерілді. Осылайша ТКШ қызметтері 15,9%-ке қымбаттады.

Жалпы, өткен жылдың жоғары базасында инфляцияның одан әрі баяулауы байқалады. Алайда, ақылы қызметтердің инфляциясы жеделдеуді жалғастыруда, бұл болашақта бағаның өсу тоқырауына және инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін.




Қарау саны: 375
Сақталған: 11.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!