Кинономика: киноөндіріс табысы және потенциалы қаншалықты жақсы?
17.04.2024
Кино – тек қана елдің мәдени мұрасын жасайтын өнер емес, сонымен қатар инвестицияларды тартуға қабілетті, кез-келген саланың дамуына стимул беруші маңызды экономикалық актив. Жалпы қазақ киноиндустриясы посткеңестік кезеңде жаңа идеялар, формалар пайда болған тұста белсенді түрде дами бастады. Ал соңғы жылдары мемлекет киноөндіріске мәдени идентификация және экономикалық өсім құралы ретінде назар аударуда. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың негізгі шараларының қатарына киножобаларды қаржыландыру, киноөндірушілерге салықтық жеңілдіктер және кадрлар біліктілігін арттыру бойынша шаралар, инвестициялық субсидиялар жатады. Әрине, кино өндірісі тек қана жаңа жұмыс орындарын жасаудан бөлек, туризмге де оң әсерін көрсете алады. Ал оның экспорты мемлекеттік табысты арттыруға және өзара мәдени алмасуға да түрткі болады. Кино креативті экономиканың құрамдасы және мемлекеттің ЖІӨ-сіне артуына айтарлықтай ықпал көрсетеді. Мәселен, Ұлыбританияда, шығармашылық индустриясы 2,1 млн адамды жұмыс орнымен қамтиды. Ал ЖІӨ-ге жылына шамамен £116 млрд көлемде үлес қосқан. Егер басқа да шығындарын қоса есептесек, жалпы экономикаға үлесі £178 миллиарды құрайды (GVA). Ал Оңтүстік Корея креативті экономикасы фильм, видеойын, драма және музыкада көшбасшылық танытып, қазіргі таңда шамамен 680 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал сатылымнан ел жылына шамамен 115 млрд доллар, экспорттан 10,3 млрд доллар пайда табады. АҚШ-та 2021 жылы креативті экономика деңгейі ЖІӨ-нің 4,4 пайызын құраған, бұл шамамен 1 трлн доллар. Ал мәдениет пен өнер секторындағы жұмысбастылық 4,9 млн қызметкерді қамтыған, бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі көрсеткіштен аз (5,2 млн). Стримингтік қызметтер және веб-публикациялар инфляцияны қоса есептегеннің өзінде 171,3 млрд доллар табыс әкеліп, АҚШ мәдениеті мен өнерінің ең ірі саласына айналады. Ал тек кино өндірісінің пайдасы 2021 жылы 68,9 млрд долларды құраған. Әлем бойынша шығармашылық тауарлар экспорты 2020 жылы 524 млн долларды құраса, шығармашылық қызметтер экспорты 1,1 трлн долларды құраған. Қазақстан да бұл саланы дамытуға тырысып жатыр. 2021-2025 жылдар аралығында креативті индустрияларды дамыту Концепциясы бойынша келесідей мақсаттар қойылған:
Мемлекет тарапынан креативті салаларға қолдау көрсету жиі жасалатын практика. Мәселен, Ұлыбританияның сектор үшін жасап жатқан бастамаларына шолу жасайық. Әдетте үкімет қаржылай көмекті қорлар арқылы жүзеге асырады. Бұл шаралардың басым көпшілігіне желеу болған – пандемия кезінде біраз сала табысының күрт азаюы. Сонымен, Британия мәдениет және өнер саласын жақсартуға арналған қорлар мен бағдарламалар келесідей:
Аталған бағдарламалар креативті индустрия мен өнер саласын нығайтуға арналған стратегиялық келісті көрсетеді. Оның үстіне, аталған шаралар тек ірі қалаларда емес, жалпы креативті бизнестің бір аймақта ғана шоғырланбай, географиялық таралуына да сеп болуда. Гранттар мен несиелер елдің түрлі аймақтарында мәдениет секторы бойынша «деңгейлерді теңестіруге» талпынады. Ал тек кино өндірісі бойынша қарастырсақ, Британияда арнайы салықтық несие басты мемлекеттік қолдау болып табылады. Ал кино өндірісі осы несие арқасында жыл сайын £100 млн табыс табады. 2022 жылы кино және телеөнімдерді жасауға кеткен шығын көлемі рекордтық 6,27 млрд долларды құраған. Жалпы Британия киноиндустриясы экономикаға аса үлкен үлес қосады: жылына ЖІӨ 4,5 млрд фунт стерлинг, ал қазынаға 1,2 млрд фунт стерлинг көлемде табыс әкеледі. Бұдан бөлек, Британия кино индустриясына шетелдік инвестиция көп жасалады, әсіресе Америкадан. Қазақстанда, 2023 жылғы статистикалық деректер бойынша, 118 кинематографиялық ұйымдардың басым көпшілігі, атап айтқанда 89-ы жеке меншікке жатады, демек кино көрсетілімде жеке сектор үлесі басымырақ. Ал мемлекеттік меншікке 25 ұйым кіреді. Жеке ұйымдардың 29-ын жеке кәсіпкерлердің құрауы – салаға кіші бизнестің де қатысымы бар екендігінің дәлелі. Ал шетелдік меншіктің саны 4 ұйыммен шектелген. Алматы қаласы кинематографиялық ұйымдар саны бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр: қалада барлығы 20 ұйым болса, оның 1-еуі мемлекеттік меншікте, 2-еуі шетелдік меншікте. Дәл сол уақытта Астана қаласында бар болғаны 9 ғана ұйым бар, және бірде біреуі я мемлекеттік, я шетелдік меншікте емес. Мемлекеттік меншіктегі кинематографиялық ұйымдардың ең жоғары көрсеткіші Жамбыл облысында және жалпы саны 12-ні құрайды. Батыс Қазақстан облысында да 12 ұйымның 6-ауы – мемлекеттік меншік. Бұл аталған аймақтарда мемлекет қолдауы басым, ал жеке сектор белсенді еместігін көрсетеді. Жалпы кинокөрсетілімдер бойынша табыс 26,9 млрд теңгені құраған, оның басым көпшілігі, яғни шамамен 16 млрд теңге, шетелдік туындыларға тиесілі. Ал 9,3 млрд теңге отандық фильмдер еншісінде. Толық метражды фильмдер бойынша табыстың басым көпшілігі Алматы қаласында (10,8 млрд теңге) белгіленген. Бұл Алматының Қазақстан киноөндірісінің маңызды орталығы екенін көрсетеді. Бұдан бөлек, бірлескен және шетелдік өндіріс үлесі де айтарлықтай нәтиже (301 млн теңге) көрсеткен. Бұл нәтижелерді мемлекеттік сектормен салыстырар болсақ, мемлекеттік сектор табысы 111 млн теңгені құраған. Бұл өз кезегінде, Қазақстанда кино саласы іскерлігі негізінен жеке сектор тарапынан жүргізілетінінің дәлелі саналады. Дегенмен, кино саласында қазір келесідей проблемалар бар.
Қорытындылар болсақ, Қазақстанда киноөндірісінің ірі индустрияға айналу әлеуеті жоғары. Сонымен қатар, жалпы Орта Азия бойынша да жақсы көрсеткіштер болғандықтан, аймаққа ықпал ету ықтималдығы да бар. Оның үстіне, мемлекет тарапынан қолдау шаралары да көрсетілуде. Дегенмен, авторлық құқық, инфрақұрылым және жеке сектор арасындағы бәсекенін орташа болуы дамуды сәл тежеп тұрғандай.
Қарау саны: 404 |
|
|