Ауылдағы өмір сапасы
18.04.2024
Ауылдардағы тұрғын үйлердің жалпы санынан төрттен бір бөлігінен астамы 1970 жылға дейін салынған Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы көбінесе олар тұратын тұрғын үй жағдайларына байланысты. "Тұрғын үй жағдайлары" деп тұрғын үйдің қолжетімділігі, оның сапасы, қауіпсіздігі, жайлылығы, инфрақұрылымның қолжетімділігі (сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) түсініледі, бұл адамдардың денсаулығына, жайлылығына, қауіпсіздігіне және жалпы әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Бұл жарияланымда біз ауыл тұрғындарын сапалы тұрғын үй жағдайымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ еліміздегі ауылдық аумақтарды белсенді дамыту кезеңіне назар аударғымыз келеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша тұрғын үй қорының жалпы ауданы 419,1 млн шаршы метрді құрады, оның 144,5 млн шаршы метрі ауылдық жерлерде орналасқан. Соңғы 10 жылда елдегі тұрғын үй қорының жалпы ауданы 20%-дан астамға, ал ауылдық жерлерде 14,5%-ға өсті. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық жерде тұратын бір адамға шаққанда тұрғын үй шаршы метрмен қамтамасыз ету 20,2 шаршы метрді құрады (ел бойынша орташа – 23,9 ш. м.). Тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету көрсеткіші жыл соңындағы барлық тұрғын үй қорының мөлшерін осы күнге тұрақты халық санына бөлу арқылы есептелетінін ескере отырып, ауылдық жерлерде тұрғын үй қорымен қамтамасыз ету көрсеткішінің артуы тұрғын үй шаршы метрінің жыл сайынғы құрылысына байланысты ғана емес, сонымен қатар ауыл халқының санының азаюына да байланысты деп болжауға негіз бар. Ауыл халқының саны 2014 жылдан 2023 жылға дейін 2,2%-ға немесе 170,4 мың адамға қысқарды. Жалпы, ауыл халқының динамикасы тұрақсыз, оң және теріс үрдістер де байқалады. Егер қарастырылып отырған кезеңде солтүстік-шығыс өңірлерде ауыл халқы басым азайса, онда елдің оңтүстік және батыс өңірлерінің ауылдары (Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Маңғыстау) өсімді көрсетті. Бұл ретте, тәуелсіздік алғаннан бері (1991 жылдан 2023 жылға дейін) ауылдық жерлерде 570,9 мың жеке және көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл ел бойынша ауылдық жерлердегі тұрғын үйлердің жалпы санынан 38,1% (1 497,0 мың бірлік) немесе 62,6 млн шаршы метр тұрғын ауданын құрайды (Ауылдық жерлердегі тұрғын үй ауданының жалпы көлемінен 43,3%). Осыдан ауылдардағы қолданыстағы тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 1991 жылға дейін салынған деген қорытынды жасауға болады. Қазақстан ауылдарындағы "құрылыс бумдары" бесжылдықтың екі кезеңіне келді: 1976 жылдан 1980 жылға дейін және 1986 жылдан 1990 жылға дейін. Бірінші жағдайда 146,2 мың тұрғын үй, екінші жағдайда 133,8 мың тұрғын үй салынды. Бұл салыстырмалы түрде қысқа мерзімде құрылыстың елеулі көлемін білдіреді. Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап бес жылдық кезеңде тұрғын үй құрылысының мұндай жылдам қарқынына бүгінгі күні қол жеткізілмеген. Алдағы онжылдықтарда ауыл тұрғындары тұрғын үйлердің тозуы мәселесіне тап болуы мүмкін. Бұл ғимараттардың тозуына және тұрақты техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының жеткіліксіздігіне байланысты болуы мүмкін. Мұның салдары тұрғын үй сапасының нашарлауы, ауыл тұрғындарының оны күтіп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығындарының артуы және тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай жағдай мемлекет тарапынан ауылдық тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша шешімдер қабылдауды және құралдарды әзірлеуді талап етеді. Ауылдық жерлердегі тұрғын үй қоры мен тұрғын үй инфрақұрылымын жаңарту қажеттігін және ауылдардағы тұрғын үйлердің жалпы санының төрттен бірінен астамы (411,6 мың бірлік) 1970 жылға дейін салынғанын атап көрсетеді. 2023 жылғы наурызда Ұлттық статистика бюросы өткізген "Халықтың өмір сүру сапасы" сауалнамасының нәтижелері де ауылдық жерлерде қолданыстағы тұрғын үй қорын жаңғырту және кеңейту қажеттігі туралы айтады, онда 15 және одан жоғары жастағы қалалар мен ауылдарда тұратын 11 956 үй шаруашылығының мүшелерінің бірі респонденттер ретінде сөз сөйледі:
Әрине, мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту шаралары жүзеге асырылуда. Осылайша, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы іске қосу мақсатында ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысы үшін игерілмеген жаңа жер учаскелеріне сумен, электрмен және газбен жабдықтау желілерін салу жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына оң әсер етеді. Сондай-ақ, ауыл халқын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және оның құрылысын ынталандыру мақсатында 2024 жылдан бастап ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғын үй салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау көзделген. Ауылдық елді-мекендерге ("Дипломмен ауылға") келген мамандарға жеңілдікпен кредит беру бойынша жоба іске асырылуда. Алайда, осы жоба шеңберінде ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алу бойынша жеңілдікті кредит беруге бөлінетін қаражат әртүрлі себептермен, оның ішінде ауылдарға келген мамандардың бюджеттік кредиттер алудан бас тарту себептері және тұрғын үй құнының жоғары болуына байланысты толық көлемде игерілмейді. Бұл жылжымайтын мүлік нарығында ауылдық жерлерде тұру үшін қажетті қолайлы жағдайлары бар қолжетімді тұрғын үйдің жоқтығының дәлелі болып табылады. Даму әлеуеті бар ауылдарда жеткілікті тұрғын үй салу ауылдық жерлерден қалаларға көші қон ағынын азайтуға едәуір әсер етуі мүмкін. Барлық ыңғайлылығы бар жаңа заманауи үйлер еліміздің ауылдарында өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Қарау саны: 385 |
|
|