Корпоративтік басқару
21.04.2024
Ағымдағы жылғы ақпанда ЭЫДҰ Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесіне шолуды ұсынды. Осы шолудың мақсаты ЭЫДҰ-ның Корпоративтік басқару жөніндегі Басшылық қағидаттарына сәйкес Қазақстанның Корпоративтік басқару жүйесін сипаттау және бағалау болып табылады. Шолуды мемлекеттік меншік және жекешелендіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы жүргізді. Анықтама үшін: ЭЫДҰ-ның мемлекеттік кәсіпорындарды корпоративтік басқару жөніндегі Басшылық қағидаттары 2005 жылы қабылданды. Оларда мемлекеттік кәсіпорындардың ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, кәсіпорындардың меншік иелері ретінде өз міндеттемелерін анағұрлым тиімді орындау туралы нақты ұсыныстар берілген. Олар G20 Корпоративтік басқару қағидаттарын және ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік кәсіпорындар үшін адалдық пен сатылмаушылықты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын толықтырады және оларға сәйкес келеді. Бұл шолуда Қазақстандағы мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудағы бірқатар түйінді мәселелер айқындалады. Атап айтқанда, айтылған мақсаттар мен қол жеткізілген ілгеріліске қарамастан, ел фрагменттелген тәсілдерге байланысты мемлекеттік меншікті тиімді жүзеге асыруда қиындықтарға тап болады. Министрліктер мен ірі холдингтік компаниялар арасындағы үйлестірудің болмауы, рөлдер мен міндеттерді бөлудегі белгісіздік және мемлекеттік басқарудың бірыңғай саясатының болмауы бұл мәселелерді күшейтеді. Бұл мәселелер мемлекеттің коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттары анық анықталмаған мемлекеттік кәсіпорындар жұмысының тиімділігін бақылау және арттыру мүмкіндігіне кедергі келтіреді. Қазіргі корпоративтік басқару жүйесінде реттеуші функциялардың нақты бөлініс жоқ. Министрліктер реттеуші және мониторингтік функцияларды, сондай-ақ секторалдық реттеу функцияларын орындайды. Корпоративтік басқару кодексі меншік иесінің күнделікті істерге тікелей қатысуын шектеуге тырысып, мемлекеттік кәсіпорындардың басқарушы органдарының өкілеттіктерін анықтағанымен, мемлекет стратегиялық жоспарлар мен қаржылық шешімдер сияқты негізгі корпоративтік құжаттарды бекіту өкілеттігін сақтайды. Іс жүзінде мемлекет жалғыз немесе басым акционер ретінде бірқатар корпоративтік шешімдерді тікелей немесе жанама түрде бақылай алады және осылайша мемлекеттік кәсіпорындардың операциялық қызметін, соның ішінде қызметкерлерді жалдау туралы шешімдерді шектей алады. Мемлекеттік кәсіпорындардың директорлар кеңесі мен атқарушы басшылығы саяси ықпалдың жоғары деңгейіне ұшырайды. Бұл ретте, қазақстандық мемлекеттік кәсіпорындардың бәсекелестікті бұрмалайтын ерекше артықшылықтары бар. Миноритарлық инвесторлардың құқықтары мен қорғанысы, әсіресе мемлекеттің мүдделері коммерциялық мүдделерге қайшы келуі мүмкін жағдайларда шектеулі. Жүргізілген шолу негізінде ЭЫДҰ Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесін жаңғырту бойынша келесі ұсынымдар береді.
Тиімді корпоративтік басқару инвестицияларды тартуға ықпал етеді, шығындарды азайтады, инвесторлардың сенімін нығайтады және капиталды тарту құнының төмендеуіне әкеледі. Бұл ретте, корпоративтік басқарудағы кемшіліктер тәуекел деңгейін арттырады және қаржы қаражатын алу кезінде пайыздық мөлшерлемелердің ұлғаюына әкеледі. Жалпы алғанда, құқықтық құралдарды енгізу және ЭЫДҰ стандарттарын корпоративтік басқару тәжірибесіне енгізу қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік капитал нарықтарына қол жеткізуіне жәрдемдесетін болады.
Қарау саны: 416 |
|
|