ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі мен инфляция болжамы туралы

27.04.2024

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі кезекті отырысында базалық мөлшерлемені 14,75 проценттік тармақ деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды.  

Біз бұған дейін теріс сыртқы экономикалық талықсытпаға жедел жауап беру мүмкіндігін сақтау үшін реттеушіге базалық мөлшерлемені төмендетуге мұқият қарауы керек деп жазған болатынбыз.

Өтімділікті беру бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме – 15,75%, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша – 13,75% деңгейінде қалыптасты.

Жылдық инфляция біздің болжамның бәтуаластық шегінде қалыптасады. 2024 жылдың наурыз айында күткендей жылдық инфляция 9,1%-ке дейін төмендеді (2024 жылдың ақпанында 9,3%). Сәуір айындағы инфляция болжамы 9,1%. Инфляцияның төмендеу себептері: Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық Банкінің инфляцияға қарсы күрес жөніндегі шаралары, сауда әріптестерінің негізгі елдерінің салыстырмалы сыртқы экономикалық тұрақтылығы және ФАО индексінің төмендеуі болып табылады.


Графиктен көріп отырғанымыздай, Ұлттық банк 2023 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап қатаң ақша-несие саясатын жеңілдету туралы шешім қабылдады. Осылайша, өткен 9 айда базалық мөлшерлеме 16,75%-тен 14,75%-ке дейін төмендеді.

Айта кету керек, жоғары базалық мөлшерлеме нәтижесінде елімізде депозитарлық ұйымдардағы депозиттер айтарлықтай өсті, өйткені жоғары инфляцияға байланысты экономикалық агенттерге депозиттер түрінде аз тәуекелді активтерге инвестициялау тиімдірек болды. Бұл өз кезегінде экономикалық агенттер арасында тауарлар мен қызметтерге сұранысты шектеуге мүмкіндік берді, сонымен қатар екінші деңгейлі банктерге бәсекеге қабілетті несиелік өнімдерді жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, бұл Ұлттық Банктің трансмиссиялық механизмі бұрынғы жылдарға қарағанда айтарлықтай тиімді жұмыс істейтінін көрсетеді.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Ұлттық Банктің шешімін толық қолдайды және ақша-кредит шарттарын одан әрі жеңілдету мүмкіндігі тарылатындығымен келіседі.

Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2024 жылғы 31 мамыр айында жарияланады. Ақша-несие шарттарының орташа қатаң сипаты инфляцияны одан әрі төмендетуге ықпал етеді. Ұлттық Банктің пресс-релизінде «Инфляцияның тұрақты бөлігі орнықты төмендеген кезде базалық мөлшерлемені төмендету кеңістігі қалыптаса бастайды» деп көрсетілген және сондықтан да келесі шешімде біз базалық мөлшерлеменің сақталуын күтеміз. 

Тоқтасын Бақберген
 Сарапшы пікірі 



Қарау саны: 355
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!