Бізге қалалар не үшін керек?

08.05.2024

Біріншіден, урбанизацияның өсуі қаржылық және адами капиталды, сондай-ақ инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды шоғырландыру арқылы экономикалық өсуге ықпал етеді.

Өздеріңіз білетіндей, әлемде қалалар, агломерациялар арасындағы инвестициялар, ресурстар, таланттар үшін бәсекелестік артып келеді. Әлемнің ірі қалалары (әлемнің 600 қаласы, соның ішінде Алматы) әлемдік ЖІӨ-нің 60%-ін құрайды.

Экономикалық зерттеулер институтының бағалауы бойынша урбанизацияның 1%-ке өсуі ЖІӨ өсіміне жылына 0,12% үлес қосады.

Әлемдік тәжірибе демографиялық тығыздықтың артуы еңбек өнімділігін 2-4%-ке арттыратынын көрсетеді.


Екіншіден, Дүниежүзілік банктің зерттеуі қала халқының өсуі дамушы елдердегі кедейлік деңгейіне оң әсер ететінін көрсетеді. Сонымен, урбанизация жалдау үшін көбірек мүмкіндіктер жасайды және кедейлік деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Мысалы, ЭЫДҰ елдерінде жан басына шаққандағы ЖІӨ орташа деңгейі 55,6 мың АҚШ долларын құрайды, ал урбанизация деңгейі 81,1%-тен асады.

Қазақстанның үш ірі қаласы шегінде шамамен 6 млн. адам немесе елдегі қала халқының жалпы санының 50%-і тұрады. Статистика деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда урбанизация деңгейі 62% (2013 жылы – 55%) құрайды.

Бұл ретте, егер қалалар мен ауылдар арасындағы экономикалық байланыстарды (қатынамалмы еңбек көші-қоны, азық-түлік белдеуі, бірыңғай өткізу нарығы) ескере,  урбанизацияны қарастыратын болсақ, онда урбанизацияның нақты деңгейі шамамен 74%  құрайды.

Үшіншіден, урбанизацияның өсуі азық-түлікке төлем қабілетті тұтынушылық сұранысты қамтамасыз етеді және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндірмейді. Солай, Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, жоғары урбанизацияланған елдер (75% және одан жоғары) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бойынша орташа есеппен аз урбанизацияланған елдерден 27 есе жоғары.

Әрине, урбанизация үрдісі тұрақты жаңғыртуды қажет ететін коммуналдық, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымға ауыртпалық әкеледі. Бұл қалалардан, агломерациялардан инфрақұрылымның озық дамуын нақты көрінісін талап етеді.

Анықтама: Дүниежүзілік Банктің болжамдарына сәйкес Қазақстандағы автожолдардың сапасын 1%-ке арттыру экспорттың 3,7%-ке, импорттың 2,7%-ке ұлғаюына, сондай-ақ жұмыс орындарының санының 0,4%-ке ұлғаюына әкеп соғады.

Мысалы, 89 қаланың тек 64-і ғана орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 68 қалада жаңа құрылыс, кәріз желілерін жаңарту және қайта құру қажет.
Қалалардағы тіршілік тұрақтылығына, бизнесті дамытуға жылумен жабдықтау (ел бойынша жылу желілерінің тозуы – 54%), электрмен жабдықтау (тозу – 65%) және автожолдардың жай-күйі ерекше әсер етеді.

Аталған инфрақұрылымдық және басқа да әлеуметтік-экономикалық проблемалар жыл сайын Экономикалық зерттеулер институты жүргізетін «Қалалардағы өмір сапасы рейтингінің» нәтижелерімен расталады.

Талдау негізінде келесі шешімдер ұсынылады:
  • көрші елдерден қалалардың мобильділігін жақсарту, шығыстарын және инфрақұрылымдық тәуелсіздігін қысқарту мақсатында 5 шоғырлануды көліктік және энергетикалық инфрақұрылыммен «шығыршықтау»;
  • қаланың кеңеюін бақылауға фокусталу. Солай, Алматы, Шымкент және Астана қалалары өсіп келе жатқан халық жағдайында да неғұрлым шағын аумаққа шоғырлана алады. Мысалы, Германия бұрын салынған жердегі жаңа үйлердің 60% салу арқылы қалалардың өсуін тежеу бойынша саясатын қолданады
  • қалаларда креативті индустрияны ілгерілетуге мүмкіндік беретін коворкинг аймақтары немесе шығармашылық шеберханалар үшін қараусыз қалған объекттерді қайта жаңарту бойынша жұмыс жүргізу. Сондай-ақ ескі тұрғын үй проблемасын шешу үшін тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламаларын іске асыру, реконструктивтік іс-шаралар арқылы қолданыстағы құрылыс салудың бос аумақтары мен аумақтарын игеру, қалалардың басқарылуын арттыру үшін «цифрлық егіздерді» пайдалану.




Қарау саны: 319
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!