Қалалардағы өмір сапасының рейтингін зерттеуге арналған баспасөз парағы
25.07.2024
Ағымдағы жылы Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан қалаларында өмір сүру сапасының мерзімді ұлттық рейтингін әзірлеу бойынша зерттеу жүргізуде. Осы зерттеу шеңберінде халықтың өмір сүру сапасы мен тұрмыс жайлылық деңгейін өлшеу мақсатында 26 қаланың тұрғындарына әлеуметтік сауалнама жүргізіледі. Әлеуметтік сауалнама қала тұрғыны өмірінің негізгі аспектілерін қамтиды, соның ішінде: • Білім беру және медициналық қызметтердің сапасы • Негізгі тауарлардың қолжетімділігі (су, жел, жылу) • Жұмыспен қамту • Бос уақыт • Қалалық инфрақұрылымның жағдайы • Қалалық орта • Экология және басқа да маңызды параметрлер Біз тұрғындардың осы сауалнамаға қатысуы өте маңызды деп санаймыз. Бұл - қалалардағы нақты жағдайды бағалаудың және рейтинг жасау кезінде ескерілетін пайдалы кері ақпарат алудың бірегей мүмкіндігі. Сіздің пікіріңіз қалалардың күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ назар аударуды қажет ететін өзекті проблемаларды анықтауға көмектеседі. Қазақ тіліндегі сауалнамаға сілтеме: https://forms.gle/Ln82BjLtHj8RhU1K8
Қарау саны: 199 |
|
|